Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні баптау (тек CLX-318xFW/CLX-318xW(K)K)_ 58
• DHCP əдісі үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі DHCP болса, терезеде
DHCP параметрінің көрінер-көрінбесін тексеріңіз. Алайда,
егер ол Статич. параметрін көрсетсе, Изменить настройки
TCP/IP нұқу арқылы тағайындау əдісін DHCP параметріне
өзгертіңіз.
• Статикалық əдіс үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі статикалық болса,
терезеде Статич. параметрінің көрінер-көрінбесін тексеріңіз.
Алайда, егер ол DHCP параметрін көрсетсе, құрылғының IP
мекенжайын жəне өзге желі теңшелімінің мəндерін енгізу
үшін Изменить настройки TCP/IP пəрменін нұқыңыз.
Құрылғының IP мекенжайын енгізуден бұрын, компьютердің
желі теңшеліміне қатысты мəліметті білу қажет. Егер
компьютер DHCP дегенге қойылса, статикалық IP мекенжай
алу үшін
желі əкімшісіне хабарласуыңыз қажет.
Мысалы:
Егер компьютердің желісіне қатысты мəлімет төмендегідей
болса:
- IP мекенжай: 169.254.133.42
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0
Құрылғының желіге қатысты мəліметі төмендегідей болуы
қажет:
- IP мекенжай: 169.254.133. 43 (Соңғы үш саны өзгертілген
компьютердің IP мекенжайын пайдаланыңыз.)
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0 (Компьютердің
қосымша желі тұмшасын пайдаланыңыз.)
- Шлюз: 169.254.133.1 (Құрылғының IP мекенжайының
соңғы үш санын 1 дегенге өзгертіңіз.)
9. Сымсыз желі орнатымы аяқталған кезде, компьютер мен
құрылғы арасындағы USB кабельді ажыратыңыз. Далее дегенді
нұқыңыз.
10. Настройка беспроводной сети завершена терезесі пайда
болады.
Егер ағымдағы орнатымдарды қабыл етсеңіз Да түймешігін
таңдаңыз жəне баптау ретін əрі қарай жалғастырыңыз.
Бастапқы бейнебетке қайтып оралғыңыз келсе, Нет түймешігін
таңдаңыз.
Содан кейін, Далее дегенді нұқыңыз.
11. Подтверждение подключения принтера терезесі пайда
болған кезде, Далее дегенді нұқыңыз.
12. Орнатылуы қажет құрамдас бөліктерді таңдаңыз. Далее дегенді
нұқыңыз.
Құрамдас бөліктерді таңдағаннан кейін, құрылғы атауын
өзгертуге, желіде ортақ пайдаланылатын құрылғыны бекітуге,
құрылғыны əдепкі құрылғы ретінде бекітуге жəне əр құрылғының
порт атын өзгертуге де болады. Далее дегенді нұқыңыз.
13. Орнату аяқталған соң, сынақ бетін басып шығаруды сұрайтын
терезе пайда болады. Егер сынақ бетін басып шығарғыңыз
келсе, Печать тестовой страницы пəрменін нұқыңыз.
Олай болмаса, жəй ғана Далее дегенді нұқыңыз жəне 16-ші
əрекетке өтіңіз.
14. Егер сынақ беті дұрыс басып шығарылса, Да дегенді нұқыңыз.
Дұрыс шықпаса, оны қайта басып шығару үшін Нет дегенді
нұқыңыз.
15. Samsung вебсайтынан мəлімет алу мақсатында құрылғының
қолданушысы ретінде тіркелу үшін Регистрация через
Интернет нұқыңыз.
16. Готово пəрменін нұқыңыз.
Құрылғыны кездейсоқ сымсыз желіге орнату
(Windows)
Егер қатынасу нүктесі (ҚН) болмаған жағдайда, келесі қарапайым
əрекеттерді орындау арқылы құрылғыны компьютерге сымсыз түрде
кездейсоқ сымсыз желіні баптап жалғауға болады.
Дайындауды қажет ететін элементтер
Келесі элементтердің дайын тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Желіге қосылған компьютер
• Құрылғымен бірге келген Software CD
• Сымсыз желі интерфейсі орнатылған құрылғы
• USB кабель
Windows жүйесінде кездейсоқ желі жасау
Элементтер дайын болған кезде, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1. USB кабельдің құрылғыға қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
2. Компьютерді жəне сымсыз желі құрылғысын іске қосыңыз.
3. Бірге келген бағдарламалық ықшам дискті дискенгізгішке
салыңыз.
• Бағдарламалық ықшам диск автоматты түрде жегілуі тиіс
жəне орнату терезесі пайда болуы қажет.
• Егер орнату терезесі пайда болмаса, Бастау пəрменін,
содан кейін Жегу пəрменін нұқыңыз. X:\Setup.exe теріңіз,
«X» таңбасының орнына дискенгізгішті білдіретін əріпті
қолданыңыз. Жарайды пəрменін нұқыңыз.
• Егер Windows Vista, Windows 7 немесе Windows 2008 Server
R2 амалдық жүйесін қолдансаңыз, Бастау > Барлық
бағдарламаларда > Қалыпталған > Жегу нұқыңыз.
X:\Setup.exe теріңіз, «X» таңбасының орнына дискенгізгішті
білдіретін əріпті қолданыңыз жəне Жарайды түймешігін
нұқыңыз.
• Егер Өздік іске қосу терезесі Windows Vista, Windows 7
немесе Windows 2008 Server R2 жүйесінде пайда болса,
Бағдарламаны орнату немесе жегу өрісінде Жегу
Setup.exe параметрін нұқыңыз жəне Пайдаланушы
тіркелгілерін бақылау терезелеріндегі Жалғастыру немесе
Иə түймешіктерін нұқыңыз.
4. Установка и настройка беспроводной сети параметрін
таңдаңыз.
5. Лицензионное соглашение оқыңыз жəне Я принимаю
условия лицензионного соглашения таңдаңыз. Содан кейін,
Далее дегенді нұқыңыз.
6. Бағдарлама сымсыз желіні іздейді.
Егер іздеу сəтті аяқталмаса, компьютер мен құрылғы
арасындағы USB кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз
жəне терезедегі нұсқауды орындаңыз.
7. Сымсыз желіні іздегеннен кейін, құрылғы іздеген сымсыз желі
тізімі пайда болады.
Егер Samsung əдепкі кездейсоқ орнатымын пайдаланғыңыз
келсе, тізімдегі ең соңғы сымсыз желіні таңдаңыз, ол Имя сети
(SSID) үшін portthru жəне Сигнал үшін Сеть принтера болып
табылады.
Содан кейін, Далее дегенді нұқыңыз.
Егер өзге кездейсоқ орнатымдарды пайдаланғыңыз келсе,
тізімнен өзге сымсыз желіні таңдаңыз.
Егер таңдағыңыз келетін желі атауын таба алмасаңыз
немесе кездейсоқ теңшелімді қолмен баптағыңыз келсе,
Дополнительно параметрін нұқыңыз.










