Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні баптау (тек CLX-318xFW/CLX-318xW(K)K)_ 59
• Имя беспроводной сети: қажетті SSID теріңіз (SSID
регистрге тəуелді болады).
• Режим работы: Ad-Hoc параметрін таңдаңыз.
• Канал: арнаны таңдаңыз.
• Аутентификация: растау түрін таңдаңыз.
Открытая: растау қолданылмайды жəне деректер
қауіпсіздігінің қажеттілігіне қарай шифрлау қолданылуы
немесе қолданылмауы мүмкін.
С общим ключом: растау қолданылады. Тиісті WEP
кілті бар құрылғы желіге қатынаса алады.
• Шифрование: шифрлауды таңдаңыз. (Ешбір, WEP64,
WEP128)
• Ключ сети: шифрлау желісі кілтінің мəнін енгізіңіз.
• Подтверждение ключа сети: шифрлау желісі кілтінің
мəнін растаңыз.
• Индекс ключа WEP: егер WEP шифрын
пайдалансаңыз, тиісті WEP кілт индексін таңдаңыз.
Кездейсоқ желіде қауіпсіздік орнатымы бар кезде, сымсыз
желінің қауіпсіздік терезесі пайда болады.
Сымсыз желінің қауіпсіздік терезесі пайда болады. Растау
үшін Открытая немесе С общим ключом таңдаңыз жəне
Далее дегенді нұқыңыз.
• WEP (Wired Equivalent Privacy) дегеніміз сымсыз желігі
рұқсатсыз қатынасуға жол бермейтін қауіпсіздік
протоколы болып табылады. WEP протоколы сымсыз
желідегі айырбасталған əр жинақтың деректер бөлігін
64-биттік немесе 128-биттік WEP шифрлау кілті арқылы
шифрлайды.
8. Терезеде сымсыз желі орнатымы көрсетіледі, орнатымдардың
дұрыстығын тексеріңіз. Далее дегенді нұқыңыз.
Құрылғының IP мекенжайын енгізуден бұрын,
компьютердің желі теңшеліміне қатысты мəліметті білу
қажет. Егер компьютердің желі теңшелімі DHCP
параметріне орнатылған болса, сымсыз желі орнатымы да
DHCP болуға тиісті. Осылайша, егер компьютердің желі
теңшелімі статикалық əдіс параметріне орнатылған болса,
сымсыз желі орнатымы да статикалық əдіс болуға тиісті.
Егер компьютер DHCP параметріне орнатылса, ал сіз
статикалық əдістің сымсыз желі орнатымын
пайдаланғыңыз келсе, статикалық IP мекенжайды алу үшін
желі əкімшісіне хабарласуыңыз қажет.
• DHCP əдісі үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі DHCP болса,
Подтверждение настроек беспроводной сети
терезесінде DHCP параметрінің көрінер-көрінбесін
тексеріңіз. Алайда, егер ол Статич. параметрін
көрсетсе, Изменить настройки TCP/IP нұқу арқылы
тағайындау əдісін Получать IP-адрес автоматически
(DHCP) параметріне өзгертіңіз.
• Статикалық əдіс үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі статикалық
болса, Подтверждение настроек беспроводной сети
терезесінде Статич. параметрінің көрінер-көрінбесін
тексеріңіз. Алайда, егер ол DHCP параметрін көрсетсе,
құрылғының IP мекенжайын жəне өзге желі
теңшелімінің мəндерін енгізу үшін Изменить
настройки TCP/IP пəрменін нұқыңыз.
Мысалы:
Егер компьютердің желісіне қатысты мəлімет
төмендегідей болса:
- IP мекенжай: 169.254.133.42
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0
Құрылғының желіге қатысты мəліметі төмендегідей
болуы қажет:
- IP мекенжай: 169.254.133. 43 (Соңғы үш саны
өзгертілген компьютердің IP мекенжайын
пайдаланыңыз.)
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0 (Компьютердің
қосымша желі тұмшасын пайдаланыңыз.)
- Шлюз: 169.254.133.1 (Құрылғының IP
мекенжайының соңғы үш санын 1 дегенге өзгертіңіз.)
9. Сымсыз желі орнатымы аяқталған кезде, компьютер мен
құрылғы арасындағы USB кабельді ажыратыңыз. Далее дегенді
нұқыңыз.
Егер Изменение настроек сети ПК терезесі пайда болса,
терезедегі əрекеттерді орындаңыз.
Компьютердің сымсыз желі орнатымдарын белгілеуді
аяқтасаңыз, Далее дегенді нұқыңыз.
Компьютердің сымсыз желісін DHCP ретінде бекітсеңіз, IP
мекенжайды алуға бірнеше минут кетеді.
10. Настройка беспроводной сети завершена терезесі пайда
болады.
Егер ағымдағы орнатымдарды қабыл етсеңіз Да түймешігін
таңдаңыз жəне баптау ретін əрі қарай жалғастырыңыз.
Бастапқы бейнебетке қайтып оралғыңыз келсе, Нет түймешігін
таңдаңыз.
Содан кейін, Далее дегенді нұқыңыз.
11. Подтверждение подключения принтера терезесі пайда
болған кезде, Далее дегенді нұқыңыз.
12. Орнатылуы қажет құрамдас бөліктерді таңдаңыз. Далее дегенді
нұқыңыз.
Құрамдас бөліктерді таңдағаннан кейін, құрылғы атауын
өзгертуге, желіде ортақ пайдаланылатын құрылғыны бекітуге,
құрылғыны əдепкі құрылғы ретінде бекітуге жəне əр құрылғының
порт атын өзгертуге де болады. Далее дегенді нұқыңыз.
13. Орнату аяқталған соң, сынақ бетін басып шығаруды сұрайтын
терезе пайда болады. Егер сынақ бетін басып шығарғыңыз
келсе, Печать тестовой страницы пəрменін нұқыңыз.
Олай болмаса, жəй ғана Далее дегенді нұқыңыз жəне 16-ші
əрекетке өтіңіз.
14. Егер сынақ беті дұрыс басып шығарылса, Да дегенді нұқыңыз.
Дұрыс шықпаса, оны қайта басып шығару үшін Нет дегенді
нұқыңыз.
15. Samsung вебсайтынан мəлімет алу мақсатында құрылғының
қолданушысы ретінде тіркелу үшін Регистрация через
Интернет нұқыңыз.
16. Готово пəрменін нұқыңыз.
Құрылғыны қатынасу нүктесі бар сымсыз желіге
орнату (Macintosh)
Дайындауды қажет ететін элементтер
Келесі элементтердің дайын тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қатынасу нүктесі
• Желіге қосылған компьютер










