Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні баптау (тек CLX-318xFW/CLX-318xW(K)K)_ 60
Құрылғымен бірге келген Software CD
Сымсыз желі интерфейсі орнатылған құрылғы
USB кабель
Macintosh жүйесінде инфрақұрылымдық желі
жасау
Элементтер дайын болған кезде, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1. USB кабельдің құрылғыға қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
2. Компьютерді, қатынасу нүктесін жəне құрылғыны іске қосыңыз.
3. Бірге келген бағдарламалық ықшам дискті дискенгізгішке
салыңыз.
4. Macintosh жұмыс үстелінде пайда болған ықшам диск белгішесін
екі рет нұқыңыз.
5. MAC_Installer қалтасын екі рет нұқыңыз.
6. Installer OS X белгішесін екі рет нұқыңыз.
7. Құпия сөзді енгізіңіз жəне OK түймешігін нұқыңыз.
8. Samsung орнатқыш қолданбасының терезесі ашылады.
Continue пəрменін нұқыңыз.
9. Лицензиялық келісімді оқыңыз жəне Continue пəрменін нұқыңыз.
10. Лицензиялық келісімге келісім білдіру үшін Agree пəрменін
нұқыңыз.
11. Easy Install таңдап, Install түймешігін басыңыз. Easy Install
қолданушылардың басым бөлігіне арналады. Құрылғының
жұмысына қажетті барлық құрамдас бөліктер орнатылады.
Егер Custom Install параметрін таңдасаңыз, орнатуға болатын
жекелеген құрамдас бөліктерді таңдауға болады.
12. Компьютердегі барлық қолданбалардың жабылатыны туралы
ескертетін хабар пайда болған кезде, Continue пəрменін
нұқыңыз.
13. Wireless Setting and Installation параметрін таңдаңыз, содан
кейін OK түймешігін нұқыңыз.
14. Бағдарлама сымсыз желіні іздейді.
Егер іздеу сəтті аяқталмаса, компьютер мен құрылғы
арасындағы USB кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз
жəне терезедегі нұсқауды орындаңыз.
15. Іздеп болғаннан кейін, терезе сымсыз желі құрылғыларын
көрсетеді. Қолданып жатқан қатынасу нүктесінің атын (SSID)
таңдаңыз жəне Next дегенді нұқыңыз.
Егер таңдағыңыз келетін желі атауын таба алмасаңыз
немесе сымсыз теңшелімді қолмен баптағыңыз келсе,
Advanced Setting параметрін нұқыңыз.
Enter the wireless Network Name: қалаған қатынасу
нүктесінің SSID теріңіз (SSID регистрге тəуелді
болады).
Operation Mode: Infrastructure параметрін таңдаңыз.
Authentication: растау түрін таңдаңыз.
Open System: растау қолданылмайды жəне деректер
қауіпсіздігінің қажеттілігіне қарай шифрлау қолданылуы
немесе қолданылмауы мүмкін.
Shared Key: растау қолданылады. Тиісті WEP кілті бар
құрылғы желіге қатынаса алады.
WPA Personal немесе WPA2 Personal: WPA
алдын-ала ортақ кілтке негізделген басып шығару
серверін растау үшін осы параметрді таңдаңыз. Бұл
параметр қатынасу нүктесінде жəне тапсырыс
берушілердің əрбіреуіне қарай қолмен теңшелетін
ортақ құпия кілтті (жалпы Pre Shared Key passphrase
деп аталатын) пайдаланады.
Encryption: шифрлауды таңдаңыз. (Ешбір, WEP64,
WEP128, TKIP, AES, TKIP AES)
Network Key: шифрлау желісі кілтінің мəнін енгізіңіз.
Confirm Network Key: шифрлау желісі кілтінің мəнін
растаңыз.
WEP Key Index: егер WEP шифрын пайдалансаңыз,
тиісті WEP кілт индексін таңдаңыз.
Қатынасу нүктесінің қауіпсіздік орнатымы бар кезде,
сымсыз желінің қауіпсіздік терезесі пайда болады.
Сымсыз желінің қауіпсіздік терезесі пайда болады.
Қауіпсіздік режиміне қарай, WEP немесе WPA, терезе
өзгеше болуы мүмкін.
WEP болған жағдайда
Растау үшін Open System немесе Shared Key
таңдаңыз жəне WEP қауіпсіздік кілтін енгізіңіз. Next
дегенді нұқыңыз.
WEP (Wired Equivalent Privacy) дегеніміз сымсыз желігі
рұқсатсыз қатынасуға жол бермейтін қауіпсіздік
протоколы болып табылады. WEP протоколы сымсыз
желідегі айырбасталған əр жинақтың деректер бөлігін
64-биттік немесе 128-биттік WEP шифрлау кілті арқылы
шифрлайды.
WPA болған жағдайда
WPA ортақ кілтін енгізіңіз жəне Next дегенді нұқыңыз.
WPA протоколы қолданушыларға белгілі бір уақыт
аралығы сайын автоматты түрде өзгеріп тұратын құпия
кілт негізінде рұқсат береді жəне анықтайды.
Деректерді шифрлау үшін WPA, сондай-ақ, TKIP
(Temporal Key Integrity Protocol) жəне AES (Advanced
Encryption Standard) қолданады.
16. Терезеде сымсыз желі орнатымы көрсетіледі, орнатымдардың
дұрыстығын тексеріңіз. Next дегенді нұқыңыз.
DHCP əдісі үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі DHCP болса, терезеде
DHCP параметрінің көрінер-көрінбесін тексеріңіз. Алайда,
егер ол Static параметрін көрсетсе, Change TCP/IP нұқу
арқылы тағайындау əдісін DHCP параметріне өзгертіңіз.
Статикалық əдіс үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі статикалық болса,
терезеде Static параметрінің көрінер-көрінбесін тексеріңіз.
Алайда, егер ол DHCP параметрін көрсетсе, құрылғының IP
мекенжайын жəне өзге желі теңшелімінің мəндерін енгізу
үшін Change TCP/IP пəрменін нұқыңыз. Құрылғының IP
мекенжайын енгізуден бұрын, компьютердің желі
теңшеліміне қатысты мəліметті білу қажет. Егер компьютер
DHCP дегенге қойылса, статикалық IP мекенжай алу үшін
желі
əкімшісіне хабарласуыңыз қажет.
Мысалы:
Егер компьютердің желісіне қатысты мəлімет төмендегідей
болса:
- IP мекенжай: 169.254.133.42
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0