Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні баптау (тек CLX-318xFW/CLX-318xW(K)K)_ 61
Құрылғының желіге қатысты мəліметі төмендегідей болуы
қажет:
- IP мекенжай: 169.254.133. 43 (Соңғы үш саны өзгертілген
компьютердің IP мекенжайын пайдаланыңыз.)
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0 (Компьютердің
қосымша желі тұмшасын пайдаланыңыз.)
- Шлюз: 169.254.133.1 (Құрылғының IP мекенжайының
соңғы үш санын 1 дегенге өзгертіңіз.)
17. Сымсыз желі байланысты желі теңшеліміне сай орнатады.
18. Сымсыз желі орнатымы аяқталған кезде, компьютер мен
құрылғы арасындағы USB кабельді ажыратыңыз. Next дегенді
нұқыңыз.
19. Орнату үрдісі орындалып жатыр.
20. Орнату үдерісі кезінде Fax Queue Creator терезесі пайда
болады.
• CLX-318xW(K)K қолданбасында, келесі əрекетке өту үшін
Cancel пəрменін нұқыңыз.
• CLX-318xFW қолданбасында, Printer Name тізімінен құрылғы
атын таңдаңыз жəне Create пəрменін нұқыңыз. Растау
терезесі пайда болған кезде, OK түймешігін нұқыңыз.
21. Continue пəрменін Read Me терезесіне барып нұқыңыз.
22. Орнатым аяқталған соң, Restart пəрменін нұқыңыз.
Құрылғыны кездейсоқ сымсыз желіге орнату
(Macintosh)
Егер қатынасу нүктесі (ҚН) болмаған жағдайда, келесі қарапайым
нұсқауларды орындау арқылы құрылғыны компьютерге сымсыз түрде
кездейсоқ сымсыз желіні баптап жалғауға болады.
Дайындауды қажет ететін элементтер
Келесі элементтердің дайын тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Желіге қосылған компьютер
• Құрылғымен бірге келген Software CD
• Сымсыз желі интерфейсі орнатылған құрылғы
• USB кабель
Macintosh жүйесінде кездейсоқ желі жасау
Элементтер дайын болған кезде, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1. USB кабельдің құрылғыға қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
2. Компьютерді жəне құрылғыны іске қосыңыз.
3. Бірге келген бағдарламалық ықшам дискті дискенгізгішке
салыңыз.
4. Macintosh жұмыс үстелінде пайда болған ықшам диск белгішесін
екі рет нұқыңыз.
5. MAC_Installer қалтасын екі рет нұқыңыз.
6. Installer OS X белгішесін екі рет нұқыңыз.
7. Құпия сөзді енгізіңіз жəне OK түймешігін нұқыңыз.
8. Samsung орнатқыш қолданбасының терезесі ашылады.
Continue пəрменін нұқыңыз.
9. Лицензиялық келісімді оқыңыз жəне Continue пəрменін нұқыңыз.
10. Лицензиялық келісімге келісім білдіру үшін Agree пəрменін
нұқыңыз.
11. Easy Install таңдап, Install түймешігін басыңыз. Easy Install
қолданушылардың басым бөлігіне арналады. Құрылғының
жұмысына қажетті барлық құрамдас бөліктер орнатылады.
Егер Custom Install параметрін таңдасаңыз, орнатылатын
жекелеген əрекеттерді таңдауға болады.
12. Компьютердегі барлық қолданбалардың жабылатыны туралы
ескертетін хабар пайда болған кезде, Continue пəрменін
нұқыңыз.
13. Wireless Setting and Installation параметрін таңдаңыз, содан
кейін OK түймешігін нұқыңыз.
14. Бағдарлама сымсыз желіні іздейді.
Егер іздеу сəтті аяқталмаса, компьютер мен құрылғы
арасындағы USB кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз
жəне терезедегі нұсқауды орындаңыз.
15. Сымсыз желіні іздегеннен кейін, құрылғы іздеген сымсыз желі
тізімі пайда болады.
Егер Samsung əдепкі кездейсоқ орнатымын пайдаланғыңыз
келсе, тізімдегі ең соңғы сымсыз желіні таңдаңыз, ол Network
Name(SSID) үшін portthru жəне Link Quality үшін Printer Self
Network болып табылады.
Содан кейін, Next дегенді нұқыңыз.
Егер өзге кездейсоқ орнатымдарды пайдаланғыңыз келсе,
тізімнен өзге сымсыз желіні таңдаңыз.
Егер таңдағыңыз келетін желі атауын таба алмасаңыз
немесе кездейсоқ теңшелімді қолмен баптағыңыз келсе,
Advanced Setting параметрін нұқыңыз.
• Enter the wireless Network Name: қажетті SSID теріңіз
(SSID регистрге тəуелді болады).
• Operation Mode: Ad-hoc параметрін таңдаңыз.
• Channel: арнаны таңдаңыз.
• Authentication: растау түрін таңдаңыз.
Open System: растау қолданылмайды жəне деректер
қауіпсіздігінің қажеттілігіне қарай шифрлау қолданылуы
немесе қолданылмауы мүмкін.
Shared Key: растау қолданылады. Тиісті WEP кілті бар
құрылғы желіге қатынаса алады.
• Encryption: шифрлауды таңдаңыз. (Ешбір, WEP64,
WEP128)
• Network Key: шифрлау желісі кілтінің мəнін енгізіңіз.
• Confirm Network Key: шифрлау желісі кілтінің мəнін
растаңыз.
• WEP Key Index: егер WEP шифрын пайдалансаңыз,
тиісті WEP кілт индексін таңдаңыз.
Кездейсоқ желіде қауіпсіздік орнатымы бар кезде, сымсыз
желінің қауіпсіздік терезесі пайда болады.
Сымсыз желінің қауіпсіздік терезесі пайда болады. Растау
үшін Open System немесе Shared Key таңдаңыз жəне
Next дегенді нұқыңыз.
• WEP (Wired Equivalent Privacy) дегеніміз сымсыз желігі
рұқсатсыз қатынасуға жол бермейтін қауіпсіздік
протоколы болып табылады. WEP протоколы сымсыз
желідегі айырбасталған əр жинақтың деректер бөлігін
64-биттік немесе 128-биттік WEP шифрлау кілті арқылы
шифрлайды.










