Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні баптау (тек CLX-318xFW/CLX-318xW(K)K)_ 62
16. Сымсыз желі орнатымын көрсететін терезе пайда болады.
Орнатымдарды тексеріңіз жəне Next түймешігін нұқыңыз.
Құрылғының IP мекенжайын енгізуден бұрын,
компьютердің желі теңшеліміне қатысты мəліметті білу
қажет. Егер компьютердің желі теңшелімі DHCP
параметріне орнатылған болса, сымсыз желі орнатымы да
DHCP болуға тиісті. Осылайша, егер компьютердің желі
теңшелімі статикалық əдіс параметріне орнатылған болса,
сымсыз желі орнатымы да статикалық əдіс болуға тиісті.
Егер компьютер DHCP параметріне орнатылса, ал сіз
статикалық əдістің сымсыз желі орнатымын
пайдаланғыңыз келсе, статикалық IP мекенжайды алу үшін
желі əкімшісіне хабарласуыңыз қажет.
DHCP əдісі үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі DHCP болса,
Wireless Network Setting Confirm терезесінде DHCP
параметрінің көрінер-көрінбесін тексеріңіз. Алайда, егер
ол Static параметрін көрсетсе, Change TCP/IP нұқу
арқылы тағайындау əдісін Receive IP address
automatically (DHCP) параметріне өзгертіңіз.
Статикалық əдіс үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі статикалық
болса, Wireless Network Setting Confirm терезесінде
Static параметрінің көрінер-көрінбесін тексеріңіз.
Алайда, егер ол DHCP параметрін көрсетсе,
құрылғының IP мекенжайын жəне өзге желі
теңшелімінің мəндерін енгізу үшін Change TCP/IP
пəрменін нұқыңыз.
Мысалы:
Егер компьютердің желісіне қатысты мəлімет
төмендегідей болса:
- IP мекенжай: 169.254.133.42
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0
Құрылғының желіге қатысты мəліметі төмендегідей
болуы қажет:
- IP мекенжай: 169.254.133. 43 (Соңғы үш саны
өзгертілген компьютердің IP мекенжайын
пайдаланыңыз.)
- Қосымша желі тұмшасы: 255.255.0.0 (Компьютердің
қосымша желі тұмшасын пайдаланыңыз.)
- Шлюз: 169.254.133.1 (Құрылғының IP
мекенжайының соңғы үш санын 1 дегенге өзгертіңіз.)
17. Сымсыз желі байланысты желі теңшеліміне сай орнатады.
18. Сымсыз желі орнатымы аяқталған кезде, компьютер мен
құрылғы арасындағы USB кабельді ажыратыңыз. Next дегенді
нұқыңыз.
19. Орнату үрдісі орындалып жатыр.
20. Орнату үдерісі кезінде Fax Queue Creator терезесі пайда
болады.
CLX-318xW(K)K қолданбасында, келесі əрекетке өту үшін
Cancel пəрменін нұқыңыз.
CLX-318xFW қолданбасында, Printer Name тізімінен құрылғы
атын таңдаңыз жəне Create пəрменін нұқыңыз. Растау
терезесі пайда болған кезде, OK түймешігін нұқыңыз.
21. Continue пəрменін Read Me терезесіне барып нұқыңыз.
22. Орнатым аяқталған соң, Restart пəрменін нұқыңыз.
Желі кабелі бар сымсыз желіні баптау
Құрылғы желіге қосуға болатын құрылғы болып табылады. Құрылғыны
желімен жасайтындай ету үшін кейбір теңшеу реттерін орындау қажет
болады.
Желі теңшеліміне қатысты мəлімет алу үшін желі əкімшісіне
немесе сымсыз желіні баптаған адамға хабарласыңыз.
Элементтерді дайындау
Келесі элементтердің дайын тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қатынасу нүктесі
Желіге қосылған компьютер
Құрылғымен бірге келген Software CD
Сымсыз желі принтері (құрылғы)
Желілік кабель
IP мекенжайды орнату
Алдымен, желі арқылы басып шығару жəне басқару мүмкіндігін алу
үшін IP мекенжайды орнату қажет болады. Көптеген жағдайларда,
жаңа IP мекенжай желіде орналасқан DHCP (Dynamic Host
Configuration Protocol) сервері арқылы автоматты түрде
тағайындалады.
Кей жағдайларда, IP мекенжайды қолмен орнату қажет. Бұл статикалық
IP деп аталады жəне көбінесе корпоративті интранеттерде қауіпсіздік
мақсатында талап етіледі.
DHCP IP тағайындау: құрылғыны желіге жалғаңыз жəне DHCP
сервердің құрылғыға IP мекенжайды тағайындауы үшін бірнеше
минут күте тұрыңыз. Содан кейін, жоғарыда түсіндірілгендей желіні
теңшеу есебін басып шығарыңыз. Егер есеп IP мекенжайдың
өзгергенін көрсетсе, тағайындау сəтті болғаны. Есеп ішінде жаңа IP
мекенжайды көретін боласыз. (
48-беттегі "Желіні теңшеу есебін
басып шығару" қараңыз.)
Статикалық IP тағайындау: IP мекенжайды компьютер арқылы
өзгерту үшін SetIP бағдарламасын пайдаланыңыз.
Кеңсе ішінде, осы мекенжайды орнату үшін желі əкімшісіне
хабарласуға кеңес береміз.
SetIP бағдарламасы арқылы IP параметрін орнату
(Windows)
Бұл бағдарлама құрылғымен байланыс орнату үшін оның MAC
мекенжайын пайдаланып, құрылғыдағы желілік IP мекенжайды
қолмен баптауға арналған. MAC мекенжайы желі интерфейсінің
жабдықтық сериялық нөмірі болып табылады жəне желіні теңшеу
есебінде табуға болады.
SetIP бағдарламасын пайдалану үшін келесі əрекеттерді
орындаудан бұрын компьютердің брандмауэрін ажыратыңыз:
1. Бастау > Барлық бағдарламаларда > Басқару тақтасы
ашыңыз.
2. Қауіпсіздік орталығы параметрін екі рет нұқыңыз.
3. Windows желіаралық дидары дегенді нұқыңыз.
4. Брандмауэрді ажыратыңыз.
Бағдарламаны орнату
1. Құрылғымен бірге келген бағдарламаның ықшам дискін
салыңыз. Драйвердің ықшам дискі автоматты түрде жегілген
кезде, сол терезені жабыңыз.
2. Windows Explorer қолданбасын жегіңіз жəне X дискін ашыңыз. (X
таңбасы ықшам дискенгізгішін білдіреді.)
3. Application > SetIP параметрін екі рет нұқыңыз.