Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні баптау (тек CLX-318xFW/CLX-318xW(K)K)_ 64
4. Вебсайттың жоғарғы сол жағындағы Вход в систему нұқыңыз.
Вход в систему беті пайда болады.
5. Идентификатор жəне Пароль теріңіз, содан кейін Вход в
систему нұқыңыз.
Егер SyncThru™ Web Service бағдарламасына алғаш рет кіріп
тұрған болсаңыз, төмендегі əдепкі идентификатор мен құпия
сөзді теріңіз.
• Идентификатор: admin
• Пароль: sec00000
6. SyncThru™ Web Service терезесі ашылған кезде, Настройки >
Параметры сети нұқыңыз.
7. Беспроводной > С помощью мастера параметрлерін нұқыңыз.
С помощью мастера параметрі сымсыз желінің
теңшелімін баптауға көмектеседі. Алайда, егер сымсыз
желіні тікелей баптағыңыз келсе, Другая параметрін
таңдаңыз.
8. Тізім ішінен бір Сетевое имя (SSID) параметрін таңдаңыз.
• SSID: SSID (Service Set Identifier) дегеніміз сымсыз желіні
айқындайтын атау болып табылады. Белгілі бір сымсыз
желіге қосылуға тырысатын қатынасу нүктелері жəне сымсыз
құрылғылар бірдей SSID пайдалануы қажет. SSID регистрге
тəуелді келеді.
• Режим работы: Режим работы параметрі сымсыз
байланыстар түріне сілтеме жасайды (
54-беттегі "Сымсыз
желі аты жəне желі кілті" қараңыз).
- Ad-hoc: «компьютер-компьютер» ортасында сымсыз
құрылғыларға бір-бірімен тікелей байланыс орнатуға
мүмкіндік береді.
- Инфраструктура: сымсыз құрылғыларға бір-бірімен
қатынасу нүктесі арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік
береді.
Егер желінің Режим работы параметрі Инфраструктура
болса, қатынасу нүктесінің SSID мəнін таңдаңыз. Егер
Режим работы параметрі Ad-hoc болса, құрылғының SSID
мəнін таңдаңыз. «portthru» құрылғының əдепкі SSID
білдіретінін ескеріңіз.
9. Далее дегенді нұқыңыз.
Егер сымсыз қауіпсіздік орнатымының терезесі пайда болса,
тіркелген құпиясөзді (желі кілтін) енгізіңіз жəне Далее дегенді
нұқыңыз.
10. Растау терезесі пайда болады, сымсыз баптауды тексеріңіз.
Егер баптау дұрыс болса, Применить пəрменін нұқыңыз.
Желілік кабельді (стандартты немесе желілік)
ажыратыңыз. Құрылғы одан кейін желімен сымсыз түрде
байланыс орнатуды бастауы қажет. Кездейсоқ режим
жағдайында, сымсыз жергілікті желіні жəне сыммен
жалғанған жергілікті желіні бірге пайдалануға болады.
Зауыттық əдепкі мəндерді бастапқы қалпына
келтіру
Samsung принтерін зауыттық əдепкі орнатымдарына қалпына келтіру
қажет бола қалған жағдайда, келесі əрекеттерді пайдаланыңыз.
Құрылғыны желіге жалғаңыз немесе құрылғыны компьютерге арнайы
желілік кабель арқылы тікелей жалғауға болады.
Егер құрылғыны компьютерге бұрынғы желісінен жалғай
алмасаңыз, SyncThru™ веб бетіне қатынасу үшін ол уақытша
түрде жаңа кездейсоқ желіге тағайындалуы тиіс. Құрылғыға тіке
байланыс орнатқаннан кейін, құрылғының зауыттық əдепкі күйін
қалпына келтіру үшін арнайы желілік кабельді пайдаланыңыз
жəне осы нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының зауыттық əдепкі орнатымдарын
қалпына келтіру (Windows)
1. Құрылғы мен компьютер арасындағы арнайы желілік кабельді
жалғаңыз.
2. Internet Explorer сияқты шолушыны ашыңыз жəне құрылғының IP
мекенжайын енгізіңіз. Құрылғының SyncThru™ Web Service беті
ашылады.
3. Жоғарғы мəзір жолағындағы Настройки > Параметры сети
таңдаңыз.
4. Сол жақтағы жолақтан Восстановить значения по умолчанию
таңдаңыз жəне Настройки изготовителя (немесе Сеть)
жанындағы Очистить түймешігін таңдаңыз. Пайда болатын келесі
үш терезенің əрқайсысында OK түймешігін нұқыңыз.
5. Принтерді желіден ажыратыңыз, қуатты қайта пайдаланыңыз
жəне қалпына келтіруді растау үшін желіні теңшеу есебін басып
шығарыңыз. Бұл барлық параметрлерді бастапқы қалпына келтіреді
жəне принтер ендігі жерде желіде болмайды.
Құрылғының зауыттық əдепкі орнатымдарын
қалпына келтіру (Macintosh)
1. Принтер мен Macintosh арасындағы арнайы желілік кабельді
жалғаңыз.
2. System Preferences параметрін ашыңыз жəне Print & Fax
орнатымдарын таңдаңыз. Бастапқы қалпына келтіргіңіз келетін
принтерді таңдаңыз, Print Queue параметрін ашып, жоғарғы мəзір
жолағынан Utility белгішесін таңдаңыз. Safari шолушысы
принтердің SyncThru™ Web Service бетінде ашылады.
3. Жоғарғы мəзір жолағындағы Настройки > Параметры сети
нұқыңыз.
4. Сол жақтағы жолақтан Восстановить значения по умолчанию
нұқыңыз жəне Настройки изготовителя (немесе Сеть) жанындағы
Очистить түймешігін нұқыңыз. Пайда болатын келесі үш терезенің
əрқайсысында OK түймешігін нұқыңыз.
5. Принтерді желіден ажыратыңыз, қуатты қайта пайдаланыңыз
жəне қалпына келтіруді растау үшін желіні теңшеу есебін басып
шығарыңыз. Бұл барлық параметрлерді бастапқы қалпына келтіреді
жəне принтер ендігі жерде желіде болмайды.
Желі параметрінің орнатымы
SyncThru™ Web Admin Service жəне SyncThru™ Web Service сияқты
желіні басқару бағдарламалары арқылы əртүрлі желі орнатымдарын
да баптауға болады.
Орнатымды аяқтау
Samsung сымсыз желі принтерін орнатқаннан кейін, желіні теңшеу
есебінің тағы бір көшірмесін басып шығарыңыз жəне оны анықтамалық
мақсатта сақтаңыз. Жаңа Samsung сымсыз принтерін желі арқылы
пайдалануға дайын болдыңыз.










