Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні баптау (тек CLX-318xFW/CLX-318xW(K)K)_ 65
Ақауларды жою
Сымсыз желіні баптау жəне құрылғы драйверін орнату кезінде
орын алуы мүмкін ақауларды жою.
Сымсыз желі ақаулары
Егер желідегі құрылғыны пайдаланған кезде ақаулар орын алса,
келесіні тексеріңіз.
Принтеры не обнаружены
• Компьютер немесе құрылғы қосылмауы мүмкін. Компьютерді
немесе құрылғыны іске қосыңыз.
• Компьютер жəне құрылғы арасындағы USB кабель жалғанбаған.
Құрылғыны компьютерге USB кабель арқылы жалғаңыз.
• Құрылғы сымсыз желіге қолдау көрсетпейді. Құрылғымен бірге
келген бағдарламалық ықшам дисктегі қолданушы нұсқаулығын
тексеріңіз жəне сымсыз желі құрылғысын дайындаңыз.
Ошибка подключения - SSID не найден
• Құрылғы таңдалған немесе енгізілген атау болып табылатын
желі атауын (SSID) іздей алмауда. Қатынасу нүктесіндегі желі
атауын (SSID) тексеріңіз жəне жалғауға тырысып көріңіз.
• Қатынасу нүктесі қосылмаған. Қатынасу нүктесін іске қосыңыз.
Ошибка подключения - Неправильные настройки
безопасности
• Қауіпсіздікті дұрыс теңшемедіңіз. Қатынасу нүктесіндегі жəне
құрылғыдағы теңшелген қауіпсіздікті тексеріңіз.
Ошибка подключения - Ошибка основного
соединения
• Компьютер құрылғыдан келетін сигналды қабылдамай тұр. USB
кабель мен құрылғы қуатын тексеріңіз.
Ошибка подключения - Соединение с проводной
сетью
• Құрылғы желілік кабель арқылы жалғанған. Құрылғыдан желілік
кабельді алып тастаңыз.
Ошибка соединения с ПК
• Компьютер мен құрылғы арасындағы теңшелген желі
мекенжайы байланыс орната алмауда.
- DHCP желі ортасы үшін
Компьютер DHCP параметріне теңшелген кезде, құрылғы IP
мекенжайын автоматты (DHCP) түрде қабылдайды.
- Статикалық желі ортасы үшін
Компьютер статикалық мекенжаймен теңшелген кезде,
құрылғы статикалық мекенжайды пайдаланады.
Егер компьютер келесі мекенжайлармен теңшелген болса:
- IP мекенжай: 192.168.1.100
- Қосымша желі мекенжайы: 255.255.255.0
- Шлюз мекенжайы: 192.168.1.1
Құрылғыға арналған келесі мекенжайларды теріңіз:
- IP мекенжай: 192.168.1.101
- Қосымша желі мекенжайы: 255.255.255.0
- Шлюз мекенжайы: 192.168.1.1
Өзге ақауларды шешу
Егер желідегі құрылғыны пайдаланған кезде ақаулар орын алса,
келесіні тексеріңіз.
Қатынасу нүктесіне (немесе сымсыз бағыттағышқа) қатысты
мəлімет алу үшін өзінің жеке қолданушы нұсқаулығын қараңыз.
• Компьютер, қатынасу нүктесі немесе құрылғы қосылмаған болуы
мүмкін. Олардың қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
• Құрылғы маңындағы сымсыз қабылдау мүмкіндігін тексеріңіз. Егер
қабылдау сигналы құрылғыдан алыс болса немесе кедергі бар
болса, сигналды қабылдау қиын болуы мүмкін.
• Қатынасу нүктесіне (немесе сымсыз бағыттағышқа), құрылғы жəне
компьютерге арналған электр қуатын қайта пайдаланыңыз. Кейде,
электр қуатын цикл арқылы жүргізу желі байланысын қалпына
келтіруі мүмкін.
• Брандмауэр бағдарламасының (V3 немесе Norton) байланысқа
кедергі келтіріп тұрған-тұрмағанын тексеріңіз.
Егер компьютер мен құрылғы бір желіге қосылған болса, оның
ішінде іздеу жүргізу мүмкін болмайды, брандмауэр бағдарламасы
байланысқа кедергі келтіруі мүмкін. Оны ажырату үшін
бағдарламаның қолданушы нұсқаулығын қараңыз жəне құрылғы
ішінде іздеуді қайта жүргізіп көріңіз.
• Құрылғының IP мекенжайының дұрыс бөлінгенін тексеріңіз. IP
мекенжайды желіні теңшеу есебін басып шығару арқылы тексеруге
болады.
• Қатынасу нүктесінде (немесе сымсыз бағыттағышта) теңшелген
қауіпсіздіктің (құпиясөздің) бар-жоғын тексеріңіз. Егер құпиясөзі бар
болса, қатынасу нүктесінің (немесе сымсыз бағыттағыштың)
əкімшісіне хабарласыңыз.
• Құрылғының IP мекенжайын тексеріңіз. Желідегі құрылғымен
байланыс орнату үшін құрылғы драйверін қайта орнатыңыз жəне
орнатымдарды өзгертіңіз. DHCP параметрінің сипаттарына қарай,
бөлінген IP мекенжай құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса
немесе қатынасу нүктесі бастапқы қалпына келтірілген болса
өзгеруі мүмкін.
• Сымсыз ортаны тексеріңіз. Қатынасу нүктесімен (немесе сымсыз
бағыттағышпен) байланыс орнатудан бұрын қолданушы мəліметін
енгізу қажет болатын инфрақұрылымдық ортадағы желімен
байланыс орната алмауыңыз мүмкін.
• Бұл құрылғы IEEE 802.11 b/g/n жəне Wi-Fi режимдеріне ғана қолдау
көрсетеді. Өзге сымсыз байланыс (Bluetooth) түріне қолдау
көрсетілмейді.
• Кездейсоқ режимді пайдаланған кезде, Windows Vista сияқты
амалдық жүйелерде, сымсыз байланыс орнатымын сымсыз
құрылғыны пайдаланған сайын орнатқыңыз келуі мүмкін.
• Samsung сымсыз желі құрылғысында инфрақұрылымдық режим
мен кездейсоқ режимді бір уақытта пайдалана алмайсыз.
• Құрылғы сымсыз желінің ауқымы ішінде орналасқан.
Көптеген желілерде, құрылғы сымсыз қатынасу нүктесінен (немесе
сымсыз бағыттағыштан) 30 метрлік аралық шеңберінде болуы
қажет.
• Құрылғы сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін кедергілерден
алыс орналасқан.
Қатынасу нүктесі (немесе сымсыз бағыттағыш) жəне құрылғы
арасындағы қандай да бір үлкен метал дүниелерді алып тастаңыз.
Құрылғы мен сымсыз қатынасу нүктесінің (немесе сымсыз
бағыттағыштың) металл немесе бетон бар poles, жарлар немесе
тіреу бағандары арқылы бөлініп тұрмағанына көз жеткізіңіз.










