Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Негізгі орнату_ 70
• Windows XP/Server 2003 жүйесінде, Принтерлер мен
факстар таңдаңыз.
• Windows Server 2008/Vista жүйесінде, Басқару тақтасы >
Жабдық жəне дыбыс > Басып шығарғыштар таңдаңыз.
• Windows 7 жүйесі үшін Басқару тақтасы > Жабдық жəне
дыбыс > Құрылғылар мен принтерлер таңдаңыз.
• Windows Server 2008 R2 жүйесінде, Басқару тақтасы >
Аппараттық құралдар > Құрылғылар мен принтерлер
таңдаңыз.
3. Құрылғыны тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.
4. Windows XP/Server 2003/Server 2008/Vista үшін Басып шығару
теңшелімдері түймешігін басыңыз.
Windows 7 жəне Windows Server 2008 R2 жүйесі үшін
мəтінмəндік мəзірден Басып шығару теңшелімдері пəрменін
таңдаңыз.
Егер Басып шығару теңшелімдері элементінің ►
таңбасы бар болса, таңдалған принтерге жалғанған өзге
принтер драйверлерін таңдауға болады.
5. Бумага қойындысын нұқыңыз.
6. Қағаз өлшемі жəне түрі сияқты параметрлерді таңдаңыз.
7. OK түймешігін басыңыз.
Егер есеп-шот беру қағазы сияқты арнайы өлшемді қағазды
пайдалансаңыз, Басып шығару теңшелімдері мəзіріндегі
Бумага қойындысын > Размер > Правка... таңдаңыз
(
79-беттегі "Принтер таңдауларын ашу" қараңыз).
Macintosh жүйесі
Macintosh пайдаланушылары басқа параметрлерді пайдалану
арқылы басып шығарған сайын əдепкі параметрді қолмен
өзгертуіңіз қажет.
1. Macintosh бағдарламасын ашып, басып шығарғыңыз келген
файлды таңдаңыз.
2. File мəзірін ашып, Print пəрменін таңдаңыз.
3. Paper Feed аймағына өтіңіз.
4. Басып шығару үшін сəйкес науаны орнатыңыз.
5. Paper аймағына өтіңіз.
6. Басып шығарғыңыз келген науаға жүктелген қағазға сəйкес қағаз
түрін орнатыңыз.
7. Басып шығару үшін Print пəрменін таңдаңыз.
Linux жүйесі
1. Terminal Program ашыңыз.
2. Terminal экраны пайда болған кезде төмендегідей теріңіз.
[root@localhost root]# lpr <файл_атауын>
3. Printer таңдап, Properties… түймешігін басыңыз.
4. Advanced қойындысын нұқыңыз.
5. Қағаз өлшемі жəне түрі сияқты науа (қайнар көзі) жəне оның
параметрлерін таңдаңыз.
6. OK түймешігін басыңыз.
Тапсырма үзілісін орнату
Егер көшіру параметрлерін басқару панелінде өзгерткеннен кейін
көшіруді бастамасаңыз, əдепкі көшіру параметрлерін қалпына
келтіруден бұрын құрылғының күту уақытын орнатуға болады.
1. Басқару панеліндегі Меню параметрін басыңыз.
2. Сол/оң жақ көрсеткіні Настр. сист. пайда болғанша басыңыз жəне
OK түймешігін басыңыз.
3. Сол/оң жақ көрсеткіні Настройка пайда болғанша дейін басып, одан
кейін OK түймешігін басыңыз.
4. Сол/оң жақ көрсеткіні Время ожидания пайда болғанша дейін
басып, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
5. Қажетті уақыт параметрлері көрінгенше дейін сол жақ/оң жақ
көрсеткісін басыңыз. Выкл. таңдау көшіруді бастау үшін
Черно-белая Старт немесе Цветная Старт түймешігін басқанға
дейін немесе болдырмау үшін Стоп/Сброс түймешігін басқанға
дейін құрылғы əдепкі орнатымдарды қалпына келтірмейтінін
білдіреді.
6. Таңдауды сақтау үшін OK түймешігін басыңыз.
7. Дайын режимге қайту үшін Стоп/Сброс түймешігін басыңыз.










