Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Баспа құралы жəне науа_ 74
Егер қағаз енін реттейтін тетікті дұрыстамасаңыз, қағаз
кептеліп қалуы мүмкін.
5. Қағаз қабын жабыңыз.
Науаны құрылғы ішіне кері итеріңіз.
Қағазды са
лып болғаннан кейін, науадағы қағаз түрі мен өлшемін
орнатыңыз (77-бе
ттегі "Қағаз өлшемі мен түрін белгілеу" қараңыз).
Науадағы қағаздың жеткіліксіз болуына байланысты,
қағаздың ұзындығын реттейтін тетік ішке қарай итерілуі
мүмкін, қағазды жеткілікті қылып салыңыз.
Егер қа
ғазды салу кезінде қиындықтар туындаса, қағазды
науаға бір-біреуден салыңыз.
Осы
ған дейін басып шығарылған қағазды салуға болады.
Басылған жағы жоғары, иілмеген шеті алдыңғы жаққа қарап
тұруы қажет. Егер қағазды салу кезінде қиындықтар
туындаса, қағазды аударып көріңіз. Басып шығару
сапасына еш кепілдік берілмейтінін ескеріңіз.
Еліңізге қ
арай, науа Letter немесе A4 өлшеміне алдын-ала қойылған.
Өлшемді A4 немесе Letter қылып өзгерту үшін тұтқаны жəне қағаз енін
реттейтін тетікті сəйкесінше өзгерту қажет.
1. Науаны қ
ұрылғыдан суырып шығарыңыз. Қағаз қабын ашыңыз
жəне, қажет болса, қағазды науадан алыңыз.
2. Өл
шемді Letter қылып өзгерткіңіз келсе, науаны аударыңыз жəне
артқы жақтағы тұтқаны ұстап тұрып, сағат тілі бағытында бұраңыз.
LTR
A4
3. Қағаз енін реттейтін тетікті басыңыз жəне оны тұтқаның шетіне
қарай итеріңіз.
LTR
A4
Егер өлшемді A4 қылып өзгерткіңіз келсе, алдымен қағаз енін
реттейтін тетікті солға жылжытыңыз жəне тұтқаны сағат тіліне
қарсы бағытта бұраңыз. Егер тұтқаға күш салсаңыз, ол науаны
зақымдауы мүмкін.
Науаға қағаз салу
Науа ішінде
1. Қағаз науасын тартып шығарыңыз. Науа өлшемін салынып жатқан
баспа құралының өлшеміне сай реттеңіз (73-бе
ттегі "Науа өлшемін
баспа құра
лына қарай өзгерту" қараңыз).
2. Парақт
ы салмастан бұрын қағаз бумасын майыстырып, шеттерін
дұрыстап алыңыз.
3. Қағаздың басылуы тиіс жағын жоғары қарата салыңыз.
4. Науаны құрылғы ішіне кері салыңыз.
5. Құж
атты басып шығарған кезде, науадағы қағаз түрі мен өлшемін
көрсетіңіз.
Қағаз түрі мен өлше
мін көрсетуге қатысты мəлімет алу үшін
(77-бет
тегі "Қағаз өлшемі мен түрін белгілеу" қараңыз).
Науаға қолмен беру
Конверт, транспарент, жапсырмалар немесе өлшемі бөлек қағаз
сияқты қағаздың əртүрлі өлшемдерін салу үшін науаға қолмен салу
мақсатында бет бағыттағыштарын реттеу қажет. Науаға қолмен салу
мүмкіндігін қолдану үшін қағаздың ұзындығын/енін реттейтін тетікті
тиісінше реттеу қажет.