Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Басып шығару_ 83
Беттің қосымша қабатын пайдалану
Қосымша қабат жасалғаннан кейін, оны құжатқа басып шығаруға
болады. Құжатқа қосымша қабатты басып шығару үшін келесіні
орындаңыз.
1. Басып шығарғыңыз келетін құжатты жасаңыз немесе ашыңыз.
2. Басып шығару орнатымдарын бағдарлама қолданбасынан
өзгерту үшін Басып шығару теңшелімдері ішіне кіріңіз
(79-беттегі "Принтер таңдауларын ашу" қараңыз).
3. Дополнительно қойындысын нұқыңыз.
4. Қажетті қосымша қабатты Текст ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Егер қалаған қосымша қабат файлы Текст ашылмалы тізімінде
пайда болмаса, тізімнен Правка пəрменін таңдаңыз жəне
Загрузить пəрменін нұқыңыз. Пайдаланғыңыз келетін қосымша
қабат файлын таңдаңыз.
Егер пайдаланғыңыз келетін қосымша қабат файлын сыртқы
орынға сақтаған болсаңыз, файлды Ашу терезесіне кіргенде де
жүктеуге болады.
Файлды таңдағаннан кейін, Ашу пəрменін нұқыңыз. Файл
Список наложений жолағында пайда болады жəне басып
шығаруға дайын тұрады. Қосымша қабатты Список наложений
жолағынан таңдаңыз.
6. Қажет болса, Подтверждать наложение при печати жолағын
таңдаңыз. Егер осы жолақ таңдалған болса, құжатты басып
шығаруға жіберген сайын құжаттың үстіне қосымша қабат басып
шығарғыңыз келетінін растауды сұрайтын хабары бар терезе
пайда болады.
Егер осы жолақ таңдалмаса жəне қосымша қабат таңдалған
болса, қосымша қабат құжат үстіне автоматты түрде басылып
шығады.
7. OK немесе Басып шығару параметрін Басып шығару
терезесінен шыққанша нұқыңыз.
Таңдалған қосымша қабат құжаттың үстіне басылып шығады.
Қосымша қабат құжатының ажыратымдылығы бастапқы басып
шығару жұмысының ажыратымдылығына сəйкес болуы тиіс.
Қосымша қабатты өшіру
Қолданбай жүрген бет қосымша қабаттарды өшіруге болады.
1. Басып шығару теңшелімдері терезесінде, Дополнительно
қойындысын нұқыңыз.
2. Правка пəрменін Наложение ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
3. Өшіргіңіз келетін қосымша қабатты Список наложений
жолағынан таңдаңыз.
4. Удалить пəрменін нұқыңыз.
5. Растау хабары бар терезе пайда болған кезде, Да түймешігін
нұқыңыз.
6. OK немесе Басып шығару параметрін Басып шығару
терезесінен шыққанша нұқыңыз.
Қосымша параметрлер
Белгілі бір басып шығару қажеттілігіне сай басып шығару сапасын
өзгерту үшін графикалар атты келесі параметрлерді пайдаланыңыз.
Параметр сұр түсті болса немесе көрінбесе, ол параметрдің
қолданыстағы принтер тілінде жасалмағанын білуге болады.
1. Басып шығару орнатымдарын бағдарлама қолданбасынан өзгерту
үшін Басып шығару теңшелімдері ішіне кіріңіз (
79-беттегі
"Принтер таңдауларын ашу" қараңыз).
2. Графика қойындысын нұқыңыз.
Таңдауға болатын параметрлер құрылғыға қарай өзгеше
болуы мүмкін.
Əр параметр туралы Басып шығару теңшелімдері
тарапынан берілген əр мəліметті алу үшін анықтаманы
қараңыз.
Шрифт и текст: мəтінді қалыпты құжатқа қарағанда күңгірттеу
етіп басып шығару үшін Затемнить текст пəрменін таңдаңыз.
Бейнебеттегі түске қарамастан, қою қара түспен басып шығару
үшін Печатать весь текст черным параметрін пайдаланыңыз.
Графический контроллер: Четкие края параметрі оқу
мүмкіндігін жақсарту мақсатында мəтіндердің шеттерін жəне
ұсақ сызықтарды айқын етуге мүмкіндік береді. Улучшение
оттенков серого параметрі қолданушыларға табиғат
суреттерінің егжей-тегжейін сақтауға жəне түрлі-түсті
құжаттарды сұр түсте басып шығару кезінде сұр түс арасындағы
контрастты жəне оқу мүмкіндігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Экономия тонера: бұл параметрді өзгерту тонер
картридждерінің жарамды мерзімін ұзартады жəне əр бетке
кететін шығынды сапасын айтарлықтай нашарлатпастан
азайтады.
- Тонердің жұмсалуын азайту үшін жүгірткіні Без сохранения
параметрінен Макс. кол-во сохр. параметріне қозғауға
болады.
3. OK немесе Басып шығару параметрін Басып шығару терезесінен
шыққанша нұқыңыз.
Əдепкі басып шығару параметрлерін өзгерту
1. Windows Бастау мəзірін нұқыңыз.
2. Windows Server 2000 жүйесінде, Параметрлер > Басып
шығарғыштар таңдаңыз.
Windows XP/Server 2003 жүйесінде, Басып шығарғыш жəне
факс таңдаңыз.
Windows Server 2008/Vista жүйесінде, Басқару тақтасы >
Жабдық жəне дыбыс > Басып шығарғыштар таңдаңыз.
Windows 7 жүйесінде, Басқару тақтасы > Құрылғылар мен
принтерлер таңдаңыз.
Windows Server 2008 R2 жүйесінде, Басқару тақтасы >
Аппараттық құралдар > Құрылғылар мен принтерлер
таңдаңыз.
3. Құрылғыны тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.
4. Windows XP/Server 2003/Server 2008/Vista үшін Басып шығару
теңшелімдері түймешігін басыңыз.
Windows 7 немесе Windows Server 2008 R2 жүйесінде, контекстті
мəзірлерден Басып шығару теңшелімдері параметрін таңдаңыз.
Егер Басып шығару теңшелімдері элементінің таңбасы
бар болса, таңдалған принтерге жалғанған өзге принтер
драйверлерін таңдауға болады.
5. Əрбір қойындыдағы орнатымдарды өзгертіңіз.
6. OK түймешігін нұқыңыз.
Əрбір басып шығару жұмысының орнатымдарын өзгерткіңіз
келсе, оны Басып шығару теңшелімдері ішінен өзгертіңіз.