Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Сканерлеу_ 97
- Запрашивать дополнительные страницы: егер осы
құсбелгі көзі таңдалған болса, беттерді үзбестен сканерлеуге
болады. Бұл параметр бірнеше бетті құжаттарды
сканерлеген жəне/немесе Источник документов параметрі
Планшет күйіне орнатылған кезде тиімді (престелген əйнек).
Мұндай жағдайда, сканерленген кескіндердің реті біртұтас
құжат ретінде өңделеді.
- Сканировать страницы: қанша беттің сканерленетінін
көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл параметр Источник
документов параметрі Автоподатчик күйіне қойылған кезде
бар болады (құжат қабылдағыш).
Настройки: келесі сканерлеу параметрлері берілген.
- Автокадрирование изображения после просмотра: егер
осы параметр таңдалған болса, сканерлеу аумағы
автоматты түрде кескін өлшеміне сай өзгереді.
- Просмотр при запуске программы: егер осы параметр
таңдалған болса, сканерлеу аумағы автоматты түрде
алдын-ала қарау мүмкіндігіне сай таңдалады.
- Определение пустых страниц: бұл амал сканерленген
кескіннің бос немесе бос еместігін автоматты түрде
анықтайды.
- Удалить страницу: бос беттер сканерлеу үдерісінің
соңында өшіріледі.
- Разделить файлы: бос бет сканерлеу жұмысын бөлгіш
механизм ретінде қызмет атқарады. Яғни, бірден бірнеше
бет сканерленген кезде, бос бет сканерленген кескін ретін
бөліктерге бөледі. Əр бөлік бөлек бір құжат (топ) ретінде
қарастырылады.
- Запуск со сканера: егер осы параметр таңдалған болса,
сканерлеу үдерісі компьютерден гөрі сканердегі сенсорлы
бейнебет арқылы басқарылады. Бұл параметр кейбір
сканер үлгілерінде жоқ.
Дополнительные: Дополнительные режимде, Регулировка
изображения, Улучшение изображения жəне
Дополнительные параметры сияқты қосымша параметрлер
бар.
- Регулировка изображения: сканерленген кескінді сəл
түрлендіруге мүмкіндік береді. Бұл түрлендіруге кескін
өлшемін автоматты түрде өзгерту, түзету жəне айналдыру
кіреді.
- Улучшение изображения: кескіндегі əртүрлі ақауларды
алып тастауға жəне оның сапасын жақсартуға мүмкіндік
береді.
- Дополнительные параметры: сканерленген кескіндерді
арнайы түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл түрлендіруге
бірнеше жартылай жасалған, сканерленген кескіндерді
біртұтас кескін ретінде біріктіру, сканерленген кітаптарды
өңдеу жəне су таңбасын қою кіреді.
Терезенің төменгі сол жақ бұрышындағы Справка түймешігін
нұқыңыз жəне мəлімет алғыңыз келетін кез-келген параметрді
нұқыңыз. Содан кейін, Средство сканирования тарапынан
берілген сол опцияның мүмкіндігі туралы мəліметі бар
қалқымалы терезе пайда болады.
TWAIN мүмкіндігі бар бағдарлама арқылы
сканерлеу
Егер құжаттарды басқа бағдарлама арқылы сканерлегіңіз келсе, Adobe
Photoshop сияқты TWAIN мүмкіндігімен сыйысымды бағдарламаны
қолдану қажет болады.
TWAIN мүмкіндігімен сыйысымды бағдарлама арқылы сканерлеу үшін
төмендегі əрекеттерді орындаңыз.
1. Құрылғының компьютерге жалғанғанына жəне қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Түпнұсқаларды бетін жоғары қаратып, құжат қабылдағышқа
салыңыз немесе түпнұсқаның бір данасын бетін төмен қаратып,
сканер əйнегіне салыңыз (71-беттегі "Түпнұсқаларды салу"
қараңыз).
3. Adobe Photoshop сияқты қолданбаны ашыңыз.
4. TWAIN терезесін ашыңыз жəне сканерлеу параметрлерін бекітіңіз.
5. Сканерлеп, сканерленген кескінді сақтаңыз.
WIA драйвері арқылы сканерлеу
Құрылғы кескіндерді сканерлеуге арналған Windows Image Acquisition
(WIA) драйверіне де қолдау көрсетеді. WIA дегеніміз Microsoft Windows
XP тарапынан ұсынылған стандартты құрамдас бөліктердің бірі жəне
цифрлы камералар жəне сканерлермен бірге жұмыс жасайды. TWAIN
драйверіндей емес, WIA драйвері кескіндерді қосымша бағдарлама
қолданбастан сканерлеуге жəне оңай өзгертуге мүмкіндік береді.
WIA драйвері USB порты бар Windows XP/Vista жүйесінде ғана
жұмыс жасайды.
Windows XP жүйесі
1. Құрылғының компьютерге жалғанғанына жəне қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Түпнұсқаларды бетін жоғары қаратып, құжат қабылдағышқа
салыңыз немесе түпнұсқаның бір данасын бетін төмен қаратып,
сканер əйнегіне салыңыз.
(71-беттегі "Түпнұсқаларды салу" қараңыз.)
3. Бастау мəзірінен Басқару тақтасы > Сканерлер мен камералар
таңдаңыз.
4. Сканер драйверінің белгішесін екі рет нұқыңыз. Сканер жəне
камера шебері параметрі пайда болады.
5. Келесі дегенді нұқыңыз.
6. Сканерлеу теңшелімдерін таңдау терезесінде параметрді
орнатыңыз жəне параметрлердің суретке қалай əсер ететінін көру
үшін Алдын ала қарап алу дегенді нұқыңыз.
7. Келесі дегенді нұқыңыз.
8. Сурет атауын енгізіңіз жəне суретті сақтауға болатын файл пішімін
жəне межелі орынды таңдаңыз.
9. Сурет компьютерге сəтті көшірілді. Бейнебеттегі параметрлердің
біреуін таңдаңыз.
10. Келесі дегенді нұқыңыз.
11. Дайын дегенді нұқыңыз.
Windows Vista жүйесі
1. Құрылғының компьютерге жалғанғанына жəне қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Түпнұсқаларды бетін жоғары қаратып, құжат қабылдағышқа
салыңыз немесе түпнұсқаның бір данасын бетін төмен қаратып,
сканер əйнегіне салыңыз.
(71-беттегі "Түпнұсқаларды салу" қараңыз.)
3. Бастау мəзірінен Басқару тақтасы > Жабдық жəне дыбыс >
Сканерлер мен камералар таңдаңыз.
4. Құжатты немесе суретті сканерлеу параметрін екі рет нұқыңыз.
Windows Факс жəне Сканер қолданбасы пайда болады.