Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
183
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
WPS режимін басқару тақтасында келесідей өзгертуге болады (
(Menu) > Сеть > Беспроводной > OK > Параметры WPS).
Дисплей экраны бар құрылғылар
PBC режимінде қосылу
1
Басқару тақтасында (WPS) түймесін 2 секундтан аса басып
тұрыңыз.
Қатынас нүктесіндегі (немесе сымсыз маршрутизатордағы)
WPS (PBC) түймесін басқанша, құрылғы екі минутқа дейін күте
бастайды.
2
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) WPS
(PBC) түймесін басыңыз.
Хабарлар дисплей экранында төмендегі ретпен көрсетіледі:
a Подключение: Құрылғы қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылуда.
b Подключено: Құрылғы сымсыз желіге сəтті қосылғанда,
WPS көрсеткіш шамы қосулы қалады.
c AP SSID: Сымсыз желіні қосу үдерісін аяқтағаннан кейін
дисплейде қатынас нүктесінің SSID идентификаторы туралы
ақпарат шығады.
3
Берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM
жетегіне салыңыз жəне сымсыз желіні орнату үшін терезедегі
нұсқауларды орындаңыз.
PIN режимінде қосылу
1
Басқару тақтасында (WPS) түймесін 2 секундтан аса басып
тұрыңыз.
2
Дисплейде сегіз сандық PIN код шығады.
Қатынас нүктесіне (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылған
компьютерге екі минуттің ішінде сегіз сандық PIN кодты енгізу
қажет.
Хабарлар дисплей экранында төмендегі ретпен көрсетіледі:
a Подключение: Құрылғы сымсыз желіге қосылуда.
b Подключено: Құрылғы сымсыз желіге сəтті қосылғанда,
WPS көрсеткіш шамы қосулы қалады.
c Тип SSID: Сымсыз желіні қосу үдерісін аяқтағаннан кейін
СҚЖ дисплейде қатынас орнының SSID идентификаторы
туралы ақпарат шығады.
3
Берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM
жетегіне салыңыз жəне сымсыз желіні орнату үшін терезедегі
нұсқауларды орындаңыз.