Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
Сымсыз желіні орнату
184
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Дисплей экраны жоқ құрылғылар
PBC режимінде қосылу
1
Басқару тақтасында (WPS) түймесін шамамен 2 - 4 секунд
бойы күй көрсеткіші тез жыпықтағанша басып тұрыңыз.
Құрылғы сымсыз желіге қосылуды бастайды. Қатынас
нүктесіндегі (немесе сымсыз маршрутизатордағы) WPS (PBC)
түймесін басқанша, көрсеткіш екі минутқа дейін баяу
жыпықтайды.
2
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) WPS
(PBC) түймесін басыңыз.
a WPS көрсеткіш шамы тез жыпықтайды. Құрылғы қатынас
орнына (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылуда.
b Құрылғы сымсыз желіге сəтті қосылғанда, WPS көрсеткіш
шамы қосулы қалады.
3
Берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM
жетегіне салыңыз жəне сымсыз желіні орнату үшін терезедегі
нұсқауларды орындаңыз.
PIN режимінде қосылу
1
Желі теңшелімі есебі, соның ішінде PIN код басып шығарылуы
керек (166-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару"
бөлімін қараңыз).
Дайын режимде болғанда, басқару тақтасындағы (Cancel
немесе Stop/Clear) түймесін 5 секундтай басып ұстап тұрыңыз.
Құрылғының PIN нөмірін білуге болады.
2
Басқару тақтасында (WPS) түймесін 4 секундтан аса күй
көрсеткіші қосулы болғанша басып тұрыңыз.
Құрылғы қатынас орнына (немесе сымсыз маршрутизаторға)
қосыла бастайды.
3
Қатынас нүктесіне (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылған
компьютерге екі минуттің ішінде сегіз сандық PIN кодты енгізу
қажет.
Сегіз сандық PIN кодты енгізгенше көрсеткіш шам екі минутқа
дейін баяу жыпықтайды.
WPS көрсеткіш шамы төмендегі ретпен жыпықтайды:
a WPS көрсеткіш шамы тез жыпықтайды. Құрылғы қатынас
орнына (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылуда.
b Құрылғы сымсыз желіге сəтті қосылғанда, WPS көрсеткіш
шамы қосулы қалады.
4
Берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM
жетегіне салыңыз жəне сымсыз желіні орнату үшін терезедегі
нұсқауларды орындаңыз.