Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
185
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Желіге қайта қосылу
Сымсыз желі функциясы өшірулі кезде, құрылғы қатынас орнына
(немесе сымсыз маршрутизаторға) бұрын пайдаланылған сымсыз
қосылым параметрлерімен жəне мекенжайымен қайта қосылуға
əрекет жасайды.
Келесі жағдайларда құрылғы сымсыз желіге автоматты түрде
қайта қосылады:
Құрылғы өшіріліп, қайта қосылады.
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) өшіріліп, қайта
қосылады.
Қосылу үдерісін болдырмау
Құрылғы сымсыз желіге қосылып жатқанда сымсыз желіге қосылуды
болдырмау үшін басқару тақтасында (Cancel немесе Stop/Clear)
түймесін басып, жіберіңіз. Сымсыз желіге қайта қосылу үшін 2
минут күту керек.
Желіден ажырату
Сымсыз желі қосылымын ажырату үшін басқару тақтасында (WPS)
түймесін екі секундтан аса басыңыз.
Wi-Fi желісі бос режимде болғанда: Құрылғы сымсыз желіден
бірден ажыратылады жəне WPS көрсеткіш шамы өшеді.
Wi-Fi желісі пайдаланылғанда: Құрылғы ағымдағы тапсырманың
аяқталғанын күткенде, WPS көрсеткіш шамы тез жыпықтайды.
Содан кейін сымсыз желі қосылымы автоматты түрде
ажыратылады жəне WPS көрсеткіш шамы өшеді.