Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
199
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
18
Wi-Fi желісін қосу/өшіру
Егер құрылғының дисплейі болса, сонымен бірге, Wi-Fi желісін
құрылғының басқару тақтасынан, Сеть мəзірін пайдаланып қоса/
өшіре аласыз.
1
Желілік кабель құрылғыға қосылғанын тексеріңіз. Қосылмаған
болса, құрылғыны стандартты желілік кабельмен қосыңыз.
2
Internet Explorer, Safari немесе Firefox сияқты веб-шолғышты
іске қосыңыз жəне шолғыш терезесіне құрылғының жаңа IP
мекенжайын енгізіңіз.
Мысалы,
3
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағында
Вход в систему түймесін басыңыз.
4
Егер SyncThru™ Web Service бағдарламасына бірінші рет
кіруіңіз болса, əкімші ретінде кіру керек. Төменде əдепкі
Идентификатор жəне Пароль өрісін толтырыңыз. Қауіпсіздік
мақсаттарында əдепкі құпиясөзді ауыстыру ұсынылады.
Идентификатор: admin
Пароль: sec00000
5
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда Параметры сети
тармағын таңдаңыз.
6
Беспроводной > Другая тармағына өтіңіз.
Wi-Fi желісін қосуға/өшіруге болады.
19
Wi-Fi Direct протоколын ұшқыр басып шығару
үшін реттеу
Wi-Fi Direct – Wi-Fi Direct тіркелген принтер мен ұялы құрылғы үшін
орнату оңай тең рангілі желіге қосылу əдісі. Ол қауіпсіз қосылымды
жəне Ad Hoc режимінен жақсырақ өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.
Wi-Fi Direct көмегімен принтерді қатынас нүктесімен байланысумен
қатар Wi-Fi Direct желісіне қосуға болады, осымен қатар сымды желі
мен Wi-Fi Direct желісіне бірмезгілді қосылуға болады, бірнеше
пайдаланушы қосылып, құжаттарды Wi-Fi Direct жəне сымды желі
арқылы басып шығара алады.
Ұялы құрылғыңызды принтердің Wi-Fi Direct желісі арқылы
интернетке қоса алмайсыз.
Қолдау көрсетілетін протоколдар тізімі моделіңізден басқаша
болуы мүмкін, Wi-Fi Direct желілері IPv6 протоколын, желіні
сүзуді, IPSec, WINS жəне SLP қызметтерін қолдамайды.
•Wi-Fi Direct арқылы ең көбі 3 құралды қосу мүмкін.