Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
201
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
•Linux жүйесінің пайдаланушылары үшін,
- Тексеру үшін IP желі теңшелімі туралы есептерді басып
шығарыңыз (166-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып
шығару" бөлімін қараңыз).
- Веб-служба SyncThru ашып, Настройки > Параметры сети
> Беспроводной > Wi-Fi Direct тармағына өтіңіз.
- Wi-Fi Direct желісін қосыңыз немесе ажыратыңыз.
Ұялы құрылғыларды орнату
Wi-Fi Direct желісін принтерден орнатқаннан кейін, Wi-Fi Direct
желісін орнату үшін пайдаланып жатқан ұялы құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Wi-Fi Direct желісін орнатқаннан кейін ұялы басып шығару
бағдарламасын қотару керек. (Мысалы: Samsung Mobile принтері)
смартфоныңыздан басып шығару үшін.
Ұшқыр құрылғыдан қосылу керек принтерді тапқанда, принтерді
таңдаңыз, сонда принтердің жарық диодты көрсеткіші
жыпықтайды. Принтердің WPS түймесін басыңыз, сонда ол
ұялы құрылғыға қосылады.
Егер ұялы құрылғы WPS қолдамаса, WPS түймесін басудың
орнына принтердің «Ключ сети» енгізуіңіз керек.
20
Разрешение проблем
Орнату немесе драйверді орнату кезіндегі
мəселелер
Принтеры не обнаружены
Құрылғы қосылмаған болуы мүмкін. Компьютер мен құрылғыны
қосыңыз.
Компьютер мен құрылғының арасында USB кабель қосылмаған.
Құрылғыны компьютерге USB кабель көмегімен қосыңыз.
Құрылғы сымсыз желіні қолдамайды. Құрылғымен бірге келген
бағдарлама ықшам дискісіндегі құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз жəне сымсыз желі құрылғысын дайындаңыз.
Ошибка подключения - SSID не найден
Құрылғы сіз таңдаған немесе енгізген желі атауын (SSID) таба
алмады. Қатынас орныңыздағы желі атауын (SSID) тексеріп, қайта
қосылуға тырысып көріңіз.
Қатынас орны қосылмаған. Қатынас орнын қосыңыз.
Ошибка подключения - Неправильные настройки
безопасности