Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

209
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Google Cloud Print
Google Cloud Print™ - смартфоныңыз, планшет немесе желіге
қосылған кез келген құрылғыларыңызды пайдаланып басып шығару
мүмкіндігін беретін қызмет. Ол үшін небəрі Google тіркелгіңізді
принтеріңіз үшін тіркеп, Google Cloud Print қызметін пайдаланыңыз.
Құжат немесе электрондық пошта хабарламаңызды Chrome OS,
Chrome шолғышы немесе мобильді құрылғыңыздағы Gmail™/ Google
Docs™ бағдарламасын пайдаланып, басып шығаруға болады, яғни,
мобильді құрылғыңызға принтер драйверін орнатудың қажеті жоқ.
Google Cloud Print туралы қосымша ақпарат алу үшін Google веб-
торабын (http://support.google.com/cloudprint) қараңыз.
27
Принтеріңіз үшін Google тіркелгісін тіркеу
Принтеріңіздің іске қосылып, Интернетке қосылған сымды
немесе сымсыз желімен байланысқанына көз жеткізіңіз.
Алдын ала Google тіркелгісін ашу қажет.
1
Chrome шолғышын ашыңыз.
2
www.google.com кіріңіз.
3
Gmail мекенжайыңыз арқылы Google веб-торабына кіріңіз.
4
Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын егізіп, Enter
пернесін немесе Өту түймесін басыңыз.
5
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы
Вход в систему түймесін басыңыз.
6
Егер SyncThru™ Web Service бағдарламасына бірінші рет
кіруіңіз болса, əкімші ретінде кіру керек. Төменде əдепкі
Идентификатор жəне Пароль өрісін толтырыңыз. Қауіпсіздік
мақсаттарында əдепкі құпиясөзді ауыстыру ұсынылады.
Идентификатор: admin
Password: sec00000
Желі ортасында проси сервері қолданылса, прокси IP мекенжайы
жəне порт нөмірі Настройки > Параметры сети > Google Cloud
Print > Настройка прокси-сервера тармағында енгізілуі тиіс.
Қосымша ақпаратты алу үшін желілік қызметін ұсынушысы немесе
желілік əкімшімен хабарласыңыз.
7
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда Настройки >
Параметры сети > Google Cloud Print тармағын таңдаңыз.
8
Принтеріңіздің атауы мен сипаттамасын енгізіңіз.
9
Зарегистрировать түймесін басыңыз.
Растау қалқымалы терезесі ашылады.