Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

214
3. Пайдалы параметр мəзірлері
Печать
Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір
мəзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға
сəйкес келмейді (36-беттегі "Мəзірді шолу" бөлімін қараңыз).
Мəзір параметрлерін өзгерту:
Басқару тақтасында (Menu) > Настр. печати тармағына өтіңіз.
Элемент Сипаттама
Ориентация
Ақпараттың бетте қай бағытта басып
шығарылатынын таңдайды.
Копии
Сандық пернетақтаны пайдаланып, көшірме
санын енгізуге болады.
Разрешение
Бір дюймге басып шығарылатын нүктелердің
санын көрсетеді (dpi). Бұл параметр неғұрлым
жоғары болса, басып шығарылатын таңбалар
жəне сызбалықтар соғұрлым анық болады.
Красковоспр.
Түрлі түсті басып шығару режимінде түс
каналдарының сəйкессіздігінен туындайтын ақ бос
орындарды азайтады. Қара мəтін түстердің
үстінен басып шығарылады.
Тип документа
Ағымдағы басып шығару тапсырмасы үшін құжат
түрін таңдау арқылы басып шығару сапасын
жақсартады.
Экран
Түс шығысының ажыратымдылығы мен
айқындығына əсер етеді.
Улучшенный: Бұл режим басып шығарылатын
беттердің мəтіндерінің анық жəне графикалық/
фото кескіндерінің тегіс болуын қамтамасыз
етеді.
Резкий: Бұл режим басып шығарылатын беттер
бөлшектерінің толығымен анық болуын
қамтамасыз етеді.
Стандартное: Бұл режим басып шығарылатын
беттердің толығымен тегіс реңкте болуын
қамтамасыз етеді.
Очистить текст
Мəтінді қалыпты құжаттан айқындау етіп басып
шығару үшін бұл параметрді таңдаңыз.
Автом. CR
Əрбір жолды тасымалдау үшін каретканы
қайтаруды қосуға мүмкіндік береді. Бұл Unix
немесе DOS пайдаланушыларына ыңғайлы.
Эмуляция Эмуляция түрін жəне параметрін орнатады.
Элемент Сипаттама