Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

225
3. Пайдалы параметр мəзірлері
Жүйелік параметрлерді орнату
9
Құрылғы параметрлерін орнату
Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір
мəзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға
сəйкес келмейді (36-беттегі "Мəзірді шолу" бөлімін қараңыз).
Мəзір параметрлерін өзгерту:
Басқару тақтасында (Menu) > Настр. сист. > Настройка
тармағына өтіңіз.
Элемент Сипаттама
ИД устройства
Жіберілетін əр факс бетінің үстінде басып
шығарылатын машина идентификаторын
орнатады.
Номер факса
Жіберілетін əр факс бетінің үстінде басып
шығарылатын факс нөмірін орнатады.
Дата и время Күн мен уақытты орнатады.
Режим часов
12 сағ жəне 24 сағ арасында уақытты көрсету
пішімін таңдайды.
Язык
Басқару тақтасының дисплейінде шығатын
мəтіннің тілін орнатады.
Энергосбереж.
Қуатты үнемдеу режиміне өту алдында
машинаның қанша күтетінін орнатады.
Машина ұзақ уақыт бойы деректерді алмаса,
қуатты тұтыну автоматты түрде азайтылады.
Автовыкл. пит. Машина қуатты үнемдеу режимінде болғанда
орнатылған уақыт өткеннен кейін қуатты
автоматты түрде өшіру үшін Автовыкл. пит. >
Вкл. > Время ожидания өтіңіз.
Бұл опция тек CLX-330x Series/CLX-
330xW Series нұсқаларында пайда
болады.
Құрылғыны қайта қосу үшін басқару
тақтасындағы (Power/Wakeup)
түймешігін басыңыз (негізгі қуат қосышы
қосулы екендігіне көз жеткізіңіз).
Принтер драйвері немесе Samsung Easy
Printer Manager қосылса, уақыт
автоматты түрде ұзартылады.
Машина желіге қосылғанда немесе
басып шығару тапсырмасын орындап
жатқанда Автовыкл. пит. функциясы
жұмыс істемейді.
Элемент Сипаттама