Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
253
4. Арнайы мүмкіндіктер
Сканерлеу мүмкіндіктері
• Негізгі сканерлеу мүмкіндіктерін Негізгі нұсқаулық қараңыз (68-
беттегі "Негізгі сканерлеу" бөлімін қараңыз).
• Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша
мүмкіндіктер" бөлімін қараңыз).
• Түрлі факторларға байланысты, соның ішінде компьютердің
жылдамдығы, дисктегі бос орын, жады, сканерленетін суреттің
өлшемі жəне биттік тереңдіктің параметрі, ең үлкен
ажыратымдылыққа қол жеткізуге болады. Осылайша, жүйеңіз
бен с
кан
ерленетін объектіге байланысты кейбір
ажыратымдылықтарда, əсіресе кеңейтілген dpi пайдаланып
сканерлеу қол жетімсіз болуы мүмкін.
15
Негізгі сканерлеу əдісі
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (11-беттегі "Əр түрлі мүмкіндіктер" бөлімін
қараңыз).
Түпнұсқаларды құрылғымен USB кабель немесе желі арқылы
сканерлеуге болады. Құжаттарды сканерлеу үшін келесі əдістемелерді
пайдалануға болады:
• Сканир. на ПК: Түпнұсқаларды басқару тақтасынан сканерлеңіз.
Содан кейін, сканерленген деректер қосылған компьютерлердің
Менің құжаттарым қалтасында сақталады (68-беттегі "Негізгі
сканерлеу" бөлімін қараңыз).
• TWAIN: TWAIN – алдын ала орнатылған суретті тасымалдау
бағдарламаларыныің біреуі. Суретті сканерлеу таңдалған
бағдарламаны іске қосып, сканерлеу процесін бақылауға мүмкіндік
береді. Бұл мүмкіндікті жергілікті қосылым немесе желілік қосылым
арқылы пайдалануға болады (257-беттегі "Суреттерді өңдеу
бағдарламасында сканерлеу" бөлімін қараңыз).
• Samsung Scan Assistant/Samsung Easy Document Creator: Бұл
бағдарламаны суреттерді немесе құжаттарды сканерлеу үшін
пайдалануға болады.
- 258-беттегі "Samsung Scan Assistant көмегімен сканерлеу"
бөлімін қараңыз.
- 286-беттегі "Samsung Easy Document Creator пайдалану"
қараңыз.
• WIA: WIA – Windows суреттерді жүктеу қызметі дегенді білдіреді.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін компьютер тікелей құрылғыға USB
кабель арқылы қосылған болуы керек (257-беттегі "WIA драйверін
пайдаланып сканерлеу" бөлімін қараңыз).
• USB жад: Құжатты сканерлеп, сканерленген суретті USB жад
құрылғысына сақтауға болады.