Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
Факс мүмкіндіктері
271
4. Арнайы мүмкіндіктер
36
Факстарды қосымша телефон арқылы
қабылдау
«EXT» ұясына қосылған қосымша телефонды пайдаланып жатқанда,
факс құрылғысына өтпестен, сөйлесіп жатқан адамнан факсты
қосымша телефонда қабылдай аласыз.
Қосымша телефоннан қоңырау алып факс үнін естіңіз, қосымша
телефондағы *9* түймелерін басыңыз. Құрылғы факсты қабылдайды.
*9* зауытта алдын ала орнатылған қашықтан қабылдау коды. Бірінші
жəне соңғы жұлдызша бекітілген, ал ортасындағы санды қалауыңыз
бойынша өзгертуге болады.
«EXT» ұясына қосылған телефонмен сөйлесіп жатқанда, көшіру
жəне сканерлеу мүмкіндіктер қол жетімді болмайды.
37
Факсті DRPD режимі арқылы қабылдау
Бұл параметр елге байланысты болмауы мүмкін. Шартты қоңырау -
бұл телефон компаниясы ұсынатын бір телефон желісі арқылы
бірнеше телефон нөмірлерін пайдаланып қоңырауға жауап беруге
мүмкіндік беретін қызмет. Бұл функция əдетте, қоңырауға тиісті түрде
жауап беру үшін, осы қоңырау қай нөмірге жасалғанын білу керек
көптеген клиенттермен жұмыс істейтін қызметтерде пайдаланылады.
Бұл параметр елге байланысты болмауы мүмкін.
1
Басқару тақтасында (Факс) > (Menu) > Настр. факса >
Прием > Режим DRPD > Ожидание звонка тармағына өтіңіз.
2
Факс нөміріңізге басқа телефоннан қоңырау соғыңыз.
3
Жабдыққа қоңырау келгенде, оған жауап бермеңіз. Шартты
сигналды есте сақтау үшін құрылғыға бірнеше қоңырау жасалуы
керек.
Жабдық сигналды есте сақтағаннан кейін, дисплейде Готово
Настройка DRPD хабары көрсетіледі. DRPD функциясын
орнату жүзеге аспаса, Ошибка звонка DRPD хабары
көрсетіледі.
4
«DRPD» хабары көрсетілгенде OK түймесін басып, 2-қадамнан
бастап əрекетті қайталаңыз.
• Факстің нөмірі өзгертілсе немесе құрылғы басқа желіге қосылса,
DRPD функциясын қайтадан орнату керек болады.
• DRPD функциясы орнатылғаннан кейін, сигналды факске
жасалған қоңырау ретінде қабылдайтынын тексеру үшін,
құрылғы нөміріне қайтадан қоңырау соғыңыз. Содан соң,
қоңырау «EXT» ұясына жалғанған қосымша телефон немесе
жауап беруші құрылғыға жіберілетінін тексеру үшін, дəл осы
желідегі басқа нөмірге қоңырау соғыңыз.