Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
301
6. Ақаулықтарды жою
Басып шығару мəселелері
Күйі Ықтимал себеп Ұсынылатын шешімдер
Құрылғы басып
шығармайды.
Құрылғы электр тогын алмайды. Алдымен машинаны электр көзіне қосыңыз. Құрылғының басқару тақтасында
(Power/Wakeup) түймесі болса, оны басыңыз.
Құрылғы əдепкі құрылғы ретінде
таңдалмаған.
Машинаны Windows жүйесіндегі əдепкі машина ретінде таңдаңыз.
Құрылғыда келесіні тексеріңіз:
• Қақпақ жабылмаған. Қақпақты жабыңыз.
• Қағаз кептелген. Қағаз кептелуін тазалаңыз (111-беттегі "Қағаз кептелуін кетіру" бөлімін қараңыз).
• Қа
ғаз сал
ынбаған. Қағаз жүктелмеген (45-беттегі "Науаға қағаз салу" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджі орнатылмаған. Тонер картриджін орнатыңыз (90-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджінен қорғау жабыны мен беттердің алынғанына көз жеткізіңіз (90-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру"
бөлімін қараңыз).
Жүйелік қате орын алса, қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Компьютер мен құрылғы ар
асындағы
қосылым кабелі дұрыстап қосылмаған.
Құр
ылғы кабелін ажыратып, қайта қосыңыз (25-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін
қараңыз).
Компьютер мен құрылғы арасындағы
қосылым кабелінде ақаулық бар.
Мүмкін болса, кабельді дұрыс істеп тұрған басқа компьютерге қосыңыз жəне
тапсырманы басып шығарыңыз. Сондай-ақ, басқа құрылғы кабелін
пайдаланып көруге болады.
Порт параметрі дұрыс емес.Windows принтер параметрлерін тексеріп, басып шығару тапсырмасы дұры
с
портқа жіберілетінін тексеріңіз. Егер компьютерде бірнеше порт болса,
құрылғының дұрыс портқа қосылғанын тексеріңіз.