Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

36
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Мəзірді шолу
Басқару тақтасы құрылғы параметрлерін орнату немесе құрылғы функцияларын пайдалану үшін түрлі мəзірлерді ашуға мүмкіндік береді.
Параметрлерге немесе модельдерге байланысты кейбір мəзірлер дисплейде шықпауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сəйкес
келмейді.
Машинаңыздың параметрлеріне немесе моделіне байланысты кейбір мəзір атаулары басқа болуы мүмкін.
Мəзірлер кеңейтілген нұсқаулықта сипатталған (212-беттегі "Пайдалы параметр мəзірлері" бөлімін қараңыз).
1
Мəзірге қатынасу
1
Пайдаланылатын мүмкіндікке байланысты басқару тақтасында Fax, Copy немесе Scan түймесін таңдаңыз.
2
Дисплейдің төменгі жағында мəзір пайда болғанша (Menu) түймесін басып, OK түймесін басыңыз.
3
Қажет мəзір элементі шыққанша көрсеткілерді басыңыз жəне OK түймесін басыңыз.
4
Егер параметр элементінде ішкі мəзірлер бар болса, 3-қадамды қайталаңыз.
5
Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
6
Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.