Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
Негізгі артықшылықтар
Ортаға қауіпсіз
• Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы Eco мүмкіндігін
қолдайды (61-беттегі "Үнемді басып шығару" бөлімін қараңыз).
• Қағазды үнемдеу үшін бір қағаз парағында бірнеше бетті басып
шығаруға болады (241-беттегі "Кеңейтілген басып шығару
мүмкіндіктерін пайдалану" бөлімін қараңыз).
• Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі жағында да басып шығаруға
болады (қолмен) (241-беттегі "Кеңейтілген басып шығару
мүмкіндіктерін па
йдал
ану" бөлімін қараңыз).
• Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған
кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын
автоматты түрде үнемдейді.
Тез жоғары ажыратымдылықпен басып
шығару
• Көгілдір, маджента, сары жəне қара түстерді пайдалана отырып
түстердің толық ауқымымен басып шығаруға болады.
• 2 400 x 600 нүкте/дюйм өнімділігіне дейінгі ажыратымдылықпен
басып шығара аласыз (600 x 600 x 2 бит).
• Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.
- Бір жақты басып шығару үшін 18 бет/мин (A4) немесе 19 бет/мин
(Letter).
- Бір жақты басып шығару үшін 4 бет/мин (A4 немесе Letter).