Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
Баспа құралы жəне науа
55
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
• Көшіру кезінде сканердің қақпағын ашық қалдырсаңыз, ол
көшіру сапасына жəне тонердің жұмсалуына əсер етеді.
• Сканер шынысындағы шаң басып шығарылатын парақтың
бетіне қара дақтардың түсуіне себеп болады. Оны əрқашан таза
ұстаңыз (98-беттегі "Құрылғыны тазалау" бөлімін қараңыз).
• Егер кітаптың немесе журналдың бетін көшіргіңіз келсе,
сканердің қақпағының топсалары шектегішке жеткенге дейін
көтеріңіз, содан кейін қа
қп
ақты жабыңыз. Егер кітап немесе
журнал 30 мм-ден қалың болса, сканердің қақпағын ашып қойып
көшіріңіз.
• Сканердің шынысын сындырып алмаңыз. Кесіп кетуі мүмкін.
• Сканердің қақпағын жапқанда қолыңызды салмаңыз. Сканердің
қақпағы түсіп кетіп қолыңызды ауыртуы мүмкін.
• Көшіру немесе сканерлеу кезінде сканердің ішіндегі жарыққа
қарамаңыз. Бұл көзге зиян.
Құжат бергіште
1
Түпнұсқаларды салмастан бұрын, қағаз бумасының жиегін
майыстырып немесе үрлеп, беттерді бір-бірінен айырыңыз.
2
Түпнұсқаны құжат бергішке бетін төмен қаратып салыңыз.
Түпнұсқалар бумасының түбі құжат енгізу науасында
белгіленген қағаз өлшеміне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.