Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
Негізгі факс жіберу
72
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Факсті бірнеше бағытқа жіберу
Факсті бірнеше орынға жіберуге мүмкіндік беретін Бірнеше нөмірге
жіберу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Түпнұсқалар автоматты түрде
жадта сақталып, қашықтағы терминалға жіберіледі.
Тасымалданғаннан кейін, түпнұсқалар автоматты түрде жадтан
өшіріледі.
Өте жақсы параметрін таңдасаңыз немесе факс түрлі-түсті болса,
бұл мүмкіндік көмегімен факстарды жібере алмайсыз.
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (53-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
2
Басқару тақтасында (Факс) белгішесін таңдаңыз.
3
Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай
реттеңіз (73-беттегі "Құжат параметрлерін баптау" бөлімін
қараңыз).
4
Басқару тақтасында (Menu) > Факс > Отпр.нескольк.
тармағына өтіңіз.
5
Бірінші алушы факсінің нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.
Сіз тез теру сандарын баса аласыз немесе (Address Book)
түймесін пайдаланып топтық теру нөмірін таңдай аласыз.
6
Екінші алушы факсінің нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.
Дисплейде құжатты жіберу үшін, келесі факс нөмірін енгізу
сұралады.
7
Факс нөмірлерін енгізу үшін Да көрсетілгенде OK түймесін
басып, 5 жəне 6 қадамдарын қайталаңыз.
•10-ға дейін мақсатты орындарды қосуға болады.
• Топтық теру нөмірлерін бір рет енгізгеннен кейін, басқа топтық
теру нөмірлерін енгізу мүмкін емес.
8
Факс нөмірлерін енгізуді аяқтағаннан кейін, Другой номер?
ұсынысынан бас тарту үшін Нет пəрменін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Құрылғы факсті енгізілген нөмірлерге сіз енгізген тəртіп
бойынша жібере бастайды.
Факстарды жібергеннен кейін бірнеше жерге жіберу туралы есеп
басып шығарылады.