Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
75
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
USB жад құрылғысын қолдану
Бұл бөлімде USB жад құрылғысын сіздің құрылғыңызбен қолдану
көрсетілген.
22
USB жады туралы
Құжаттарыңызға, презентацияларыңызға, жүктелген əуендер мен
бейнелер, жоғары ажыратымды фотосуреттеріңіз немесе кез келген
басқа сақтағыңыз немесе орнын ауыстырғыңыз келетін
файлдарыңызға көбірек орын беретін USB жад құрылғыларының
бірқатар жад сыйымдылықтары қолжетімді.
Келесі тапсырмаларды құрылғыңызда USB жад құрылғысын
пайдаланып орындай аласыз.
• Құжаттарды сканерлеу жəне оларды USB жад құрылғысына сақтау.
•USB жад құрылғысында сақталған деректерді басып шығару.
• Қор файлдарын құрылғы жадына қайтару
•USB жад құрылғысын форматтау
• Қолжетімді жад көлемін тексеру
23
USB жад құрылғысын енгізу
Сканер қапағын сəл көтеріп, USB жад құрылғысын USB жады портына
орнатыңыз. Құрылғыны пайдаланудың алдында сканер қақпағын қайта
жабыңыз.
Құрылғыңыздың алдындағы USB жад порты USB V1.1 жəне USB V2.0
жад құрылғылары үшін жасалған. Сіздің құрылғыңыз FAT16/FAT32
жəне сектор өлшемі 512 байт USB жад құрылғыларын қолдайды.
USB жады карталарының файлдық жүйесін анықтаңыз.