Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide

USB жад құрылғысын қолдану
76
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Тек өкілетті жəне A аша қосқышы бар USB жад құрылғысын
пайдалануыңыз қажет.
Тек металл қорғанысы бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Үйлесімділік сертификаты бар USB жад құрылғысын ғана
пайдаланыңыз, болмаса, құрылғы оны қабылдамайды.
Құрылғы USB жадымен жұмыс істеп, жазып немесе оқып жатқан
кезде USB жад құрылғысын алмаңыз. Құрылғының кепілдігі
пайдаланушының дұрыс қолданбауынан болған зақымдарды
қамтымайды.
Егер USB жад құрылғыңыздың қауіпсіздік жəне құпия сөз
параметрлері сияқты қызметтері болса, құрылғыңыз оны
автоматты түрде анықтамауы мүмкін. Осы қызметтер туралы
мəліметтер алу үшін USB жад құрылғысының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
24
USB жад құрылғысына сканерлеу
Мəзірлерге қол жеткізу модельден модельге əр түрлі болуы
мүмкін (36-беттегі "Мəзірге қатынасу" бөлімін қараңыз)
Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мəзірлерге өту үшін
OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.
Құжатты сканерлеп, сканерленген суретті USB жад құрылғысына
сақтауға болады.
Сканерлеу
1
USB жад құрылғысын құрылғыңыздың USB жад портына
енгізіңіз.
2
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (53-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
3
Басқару тақтасында (Скан) > Сканир. на USB > OK
тармағына өтіңіз.
Құрылғы сканерлеуді бастайды.
A B