Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
92
3. Қызмет көрсету
Пайдаланылған тонер контейнерін алмастыру
Пайдаланылған тонер контейнерінің қызмет ету мерзімі аяқталғанда, пайдаланылған тонер контейнерінің ауысу қажеттілігін білдіретін, басқару
тақтасындағы экран дисплейінде пайдаланылған тонер контейнеріне қатысты хабарлама шығады. Құрылғы үшін пайдаланылған тонер
контейнерін тексеріңіз (83-беттегі "Алуға болатын жабдықтар" қараңыз). Пайдаланылған тонер контейнерін орнату жайлы ақпарат үшін, бумада
көрсетілген пайдаланылған тонер контейнерін орнату нұсқаулығын қараңыз.
• Тонер бөлшектері құрылғының ішкі жағында шығарыла алады, бірақ бұл құрылғы зақымдалған дегенді білдірмейді. Басып шығару ақаулары
орын алған кезде, қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
• Пайдаланылған тонер контейнерін құрылғының сыртына алып тастаған кезде, контейнерді қолыңыздан түсіріп алмай абайлап жылжытыңыз.
• Пайдаланылған тонер контейнерінің тегіс жерге тонері төгілмейтіндей етіп қойылуын қадағалаңыз.
Контейнерді қисайтып не аудармаңыз.