Samsung CLX-3300 Color Laser MFP series - User's Guide
96
3. Қызмет көрсету
Керек-жарақтардың жұмыс мерзімін бақылау
Егер қағаз жиі кептеліп қалса немесе баспа мəселелері жиі орын алса, құрылғы басып шығарған қағаз санын тексеріңіз. Қажет болса, тиісті
бөлшектерді ауыстырыңыз.
Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мəзірлерге өту үшін OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.
1
Басқару панеліндегі (Menu) > Настр. сист. > Обслуживание > Срок службы таңдаңыз.
2
Қажетті параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
• Всего: Басылып шыққан беттердің жалпы санын көрсетеді.
• Скан.с автоп.: Құжат бергішті пайдалана отырып басып шығарылған беттердің санын көрсетеді.
• На стекле: Сканерлеу əйнегінің көмегімен сканерленген бет санын көрсетеді.
• Расх. материал: Керек-жарақтардың ақпарат бетін басып шығарады.
3
Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.