Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide
Желі арқылы драйверді орнату
207
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Windows 8 Бастау экранында
•V4 драйвері орнатылған кезде, Samsung Printer Experience
бағдарламасы тек Бастау экранында пайдаланылады. Егер
компьютер Интернетке қосылған болса, V4 драйвері Windows
Update торабынан автоматты түрде жүктеледі. Олай болмаса,
V4 драйверін Samsung веб-торабынан қолмен жүктеуіңізге
болады, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе
жүктемелер тармағына өтіңіз.
• Samsung Printer Experience бағдарламасын Windows
қоймалар қызметінен жүктей аласыз.
WindowsStore(Қоймалар) қызметін пайдалану үшін сізде
Microsoft тіркелгісі
болуы керек.
a Charms(Charms) бөлімінен Іздеу таңдаңыз.
b Store(Қоймалар) түймесін басыңыз.
c Samsung Printer Experience бағдарламасын іздеп, басыңыз.
d Установить түймесін басыңыз.
• Егер драйверді берілген бағдарламалық жасақтама ықшам
дискісін пайдалану арқылы орнатсаңыз, V4 драйвері
орнатылмайды. Егер сіз V4 драйверін Жұмыс үстелі экранында
пайдаланғыңыз келсе, Samsung веб-торабынан жүктеуіңізге
болады, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе
жүктемелер тармағына өтіңіз.
•
Егер Samsung принтерінің басқару құралдарын орнатқыңыз
келсе, оларды берілген бағдарламалық жасақтама ықшам
дискісін пайдаланып орнатуыңыз қажет.
1
Құрылғының желіге қосылғанын жəне қуат көзіне қосылғанына
көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын
орнату керек (202-беттегі "IP мекенжайды орнату" бөлімін
қараңыз).
2
Charms(Charms) бөлімінен, Параметрлер > ДК
параметрлерін өзгерту > Құрылғы тармағын таңдаңыз.
3
Құрылғы қосу түймесін басыңыз.
Табылған құрылғылар экранға шығады.
4
Пайдаланғыңыз келген модель атын немесе хост атауын
басыңыз.
Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы хост
атауын көрсететін "Желі теңшелімі туралы есепті" басып шығара
аласыз (257-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару"
бөлімін қараңыз).
5
Драйвер Windows Update торабынан автоматты түрде
орнатылады.