Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide
IPv6 конфигурациясы
216
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
DHCPv6 мекенжайын теңшеу
Желіде DHCPv6 сервер болса, əдепкі динамикалық түйін теңшелімі
үшін келесі параметрлердің біреуін орната аласыз.
• Мəзірлерге қатынасу əр модельде əр түрлі болуы мүмкін (41-
беттегі "Мəзірге қатынасу" бөлімін қараңыз).
• Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мəзірлерге өту үшін
OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.
1
Басқару тақтасында (Menu) > Сетевой > TCP/IP (IPv6) >
Конфиг. DHCPv6 таңдаңыз.
Немесе сенсорлық экранда Настройка > Настройка
устройства > Далее > Настройка сети > TCP/IP (IPv6) >
Настройка DHCPv6 тармағына өтіңіз.
2
Қажет мəнді таңдау үшін OK түймесін басыңыз.
• Адрес DHCPv6: DHCPv6 серверін маршрутизатор талабына
қарамастан əрдайым пайдаланыңыз.
• Отключить DHCPv6: DHCPv6 серверін маршрутизатор
талабына қарамастан ешқашан пайдаланбаңыз.
• Маршрутизатор: DHCPv6 серверін тек маршрутизатор
талап еткенде пайдаланыңыз.
11
SyncThru™ Web Service бағдарламасында
IPv6 мүмкіндігін іске қосу
1
Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерге
кіріңіз. Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын (http://
xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіп, Enter пернесін басыңыз немесе Өту
түймесін басыңыз.
2
Егер SyncThru™ Web Service бағдарламасына бірінші рет
кіруіңіз болса, əкімші ретінде кіру керек. Төмендегі əдепкі
идентификаторды жəне құпия сөзді енгізіңіз. Қауіпсіздік
мақсаттарында əдепкі құпиясөзді ауыстыру ұсынылады.
• Идентификатор: admin
• Пароль: sec00000
3
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда тінтуірдің
меңзерін жоғарғы мəзір жолағының Настройки үстіне
апарыңыз, содан кейін Параметры сети пəрменін таңдаңыз.
4
Веб-тораптың сол жақ тақтасында TCP/IPv6 пəрменін таңдаңыз.
5
IPv6 протоколын белсендіру үшін Протокол IPv6 құсбелгісін
қойыңыз.
6
Применить түймесін басыңыз.