Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
260
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
22
Wi-Fi Direct протоколын ұшқыр басып шығару
үшін реттеу
Wi-Fi Direct – Wi-Fi Direct куəліктендірген принтер мен ұшқыр құрылғы
арасында орнату оңай тең рангілі желіге қосылу əдісі. Ол қауіпсіз
қосылымды жəне Ad Hoc режимінен жақсырақ өткізу қабілетін
қамтамасыз етеді.
Wi-Fi Direct көмегімен қазіргі уақытта қатынас орнына қосулы кезде
принтерді Wi-Fi Direct желісіне қоса аласыз. Сонымен қатар, сымды
желі мен Wi-Fi Direct желісін бір уақытта пайдалана аласыз, осылайша
бірнеше пайдаланушы Wi-Fi Direct желі жəне сымды желі екеуінен де
құжаттарға қатынаса жəне басып шығара алады.
Сіз ұшқыр құрылғыңызды принтердің Wi-Fi Direct желісі арқылы
интернетке қоса алмайсыз.
Қолдау көрсетілетін протоколдар тізімі моделіңізден басқаша
болуы мүмкін, Wi-Fi Direct желілері IPv6 протоколын, желіні
сүзуді, IPSec, WINS жəне SLP қызметтерін қолдамайды.
•Wi-Fi Direct арқылы қосуға болатын құрылғылардың ең көп саны
- 3.
Wi-Fi Direct желісін орнату
Wi-Fi Direct мүмкіндігін келесі əдістердің бірімен қосуға болады.
USB кабельмен қосылған компьютерден
(ұсынылады)
Драйверді орнату аяқталғаннан кейін Samsung Easy Printer Manager
бағдарламасын орнатуға жəне Wi-Fi Direct мүмкіндігінде өзгертулер
жасауға болады.
Samsung Easy Printer Manager – Windows жəне Mac OS
пайдаланушылары үшін ғана қол жетімді.
- Бастау мəзірінде Бағдарламалар немесе Барлық
бағдарламаларда > Samsung Printers > Samsung Easy Printer
Manager > Параметры устройств > Сеть тармағына өтіңіз.
Вкл./Выкл. Wi-Fi Direct: Қосу үшін Включено параметрін
таңдаңыз.
Имя устройства: Принтерді сымсыз желіде іздеу үшін
принтер атын енгізіңіз. Əдепкі бойынша құрылғының аты
оның модель аты болады.
IP-адрес: Принтердің IP мекенжайын енгізіңіз. Бұл IP
мекенжай инфрақұрылымның сымды немесе сымсыз желісі
үшін емес, ал тек жергілікті желі үшін пайдаланылады. Біз
əдепкі жергілікті IP мекенжайды пайдалануды ұсынамыз
(Принтердің Wi-Fi Direct үшін əдепкі жергілікті IP мекенжайы
– 192.168.3.1)