Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
263
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Ошибка соединения с ПК
Теңшелген желі мекенжайы компьютер мен құрылғының арасында
қосыла алмады.
- DHCP желі ортасы үшін
Компьютер DHCP деп теңшелген болса, басып шығарғыш IP
мекенжайды автоматты түрде алады.
Егер басып шығару DHCP режимінде жұмыс істемесе, ақаулық IP
мекенжайының автоматты түрде ауыстырылуынан болуы мүмкін.
Құрылғының IP мекенжайы мен принтер портының IP мекенжайын
салыстырыңыз.
Салыстыру əдісі:
1 Принтеріңіздің желілік ақпарат есебін басып шығарып, IP
мекенжайын тексеріңіз (202-беттегі "Желі конфигурациясы
есебін басып шығару" бөлімін қараңыз).
2 Машинаңыз арқылы принтер портының IP мекенжайын
тексеріңіз.
a Windows Бастау мəзірін басыңыз.
Windows 8 үшін,
Charms(Charms) бөлімінен Іздеу >
Параметрлер түймесін таңдаңыз.
b Windows XP/Server 2003 жүйесінде Принтер мен факстар
тармағын таңдаңыз.
Windows Server 2008/Vista жүйесінде Басқару тақтасы >
Жабдық жəне дыбыс > Принтерлер тармағын таңдаңыз.
Windows 7/8 жүйесінде Басқару тақтасы > Құрылғылар
мен принтерлер тармағына өтіңіз.
Windows Server 2008 R2 жүйесінде Басқару тақтасы >
Жабдық> Құрылғылар мен принтерлер тармағын
таңдаңыз.
c Құрылғыны тінтуірдің оң жақ түймесімен нұқыңыз.
d Windows XP/2003/2008/Vista жүйелерінде Сипаттар пəрменін
таңдаңыз.
Windows 7/8 жəне Windows Server 2008 R2 үшін, мəнмəтіндік
мəзірлерден Принтердің сипаттары түймесін таңдаңыз.
Принтердің сипаттары элементінде белгісі болса,
таңдалған принтерге қосылған басқа принтер драйверлерін
таңдай аласыз.
e Порт түймесін басыңыз.
f Портты теңшеу түймесін басыңыз.
g Имя принтера или IP-адрес тармағын тексеріңіз, егер: ол
желі конфигурациясы парағындағы IP мекенжайымен бірдей
болса.
3 Принтердің IP мекенжайы желілік ақпарат
есебінде
көрсетілгеннен өзгешеленсе, оны ауыстырыңыз.
Порттың IP мекенжайын ауыстыру үшін бағдарламаны орнату
ықшам дискісін пайдаланғыңыз келсе,
желілік принтерге қосылыңыз. Осыдан кейін IP мекенжайын
қайта қосыңыз.
- Тұрақты желі ортасы үшін
Компьютер тұрақты мекенжайға теңшелген болса, құрылғы
тұрақты мекенжайды пайдаланады.
Мысалы,
Егер компьютердің желілік ақпараты төменде көрсетілгендей
болса: