Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

Факс мүмкіндіктері
359
4. Арнайы мүмкіндіктер
Əрдайым, факсті жіберу аяқталған кезде растау есебін басып
шығару параметрін орнатуға болады. Басқару тақтасында
(факс) > (Menu) > Настройка факса > Отправка > Подтвер.
Факса тармағына өтіңіз.
32
Факсті компьютермен жіберу
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша
мүмкіндіктер" бөлімін қараңыз).
Факсті құрылғыға бармай-ақ, компьютер арқылы жіберуге болады.
Компьютер арқылы факс жіберу үшін, Samsung Network PC Fax
бағдарламасын орнату керек. Бұл бағдарлама принтер драйверін
орнатқан кезде орнатылады.
1
Жіберілетін құжатты ашыңыз.
2
Файл мəзірінде Басып шығару түймесін таңдаңыз.
Басып шығару терезесі көрсетіледі. Қолданба нұсқасына
қарай бұл терезе сəл өзгеше болуы мүмкін.
3
Басып шығару терезесінен Samsung Network PC Fax
тармағын таңдаңыз.
4
Басып шығару немесе ОК түймесін басыңыз.
5
Алушылардың нөмірлерін енгізіп, опцияны таңдаңыз
Справка мəзірін таңдаңыз немесе терезеде түймесін басып,
мəліметтер алу керек кез келген параметрді нұқыңыз.
6
Отправить түймесін басыңыз.
33
Факстің тасымалдануын кідірту
Жабдыққа факсті кейінірек, сіз болмаған кезде жіберу параметрін
орнатуға болады. Бұл функцияны пайдаланып, түрлі түсті факс жіберу
мүмкін емес.
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз.
2
Басқару тақтасында (факс) түймесін басыңыз.
3
Ажыратымдылығы мен ашықтығын қажетті деңгейге келтіріңіз.