Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

Факс мүмкіндіктері
365
4. Арнайы мүмкіндіктер
40
«Answering Machine/Fax» режимінде қабылдау
Осы режимді пайдалану үшін жауап беруші құрылғыны құрылғының
артындағы «EXT» ұясына қосыңыз. Қоңырау шалушы хабар қалдырса,
жауап беруші құрылғы хабарды сақтайды. Егер құрылғы желіде факс
үнін анықтаса, автоматты түрде факсті қабылдай бастайды.
Егер құрылғыда осы режим орнатылып, жауап беруші құрылғы
өшірілген немесе «EXT» ұясына жалғанған болса, алдын ала
орнатылған қоңыраулар санынан кейін құрылғы автоматты
түрде Факс режиміне өтеді.
Егер жауап беруші құрылғыда қоңырау санын пайдаланушының
өзі таңдау мүмкіндігі болса, құрылғыны кіріс қоңырауына 1
қоңыраудан кейін жауап беру параметріне орнатыңыз.
Егер құрылғы «Tel» режимінде болса,
факс құрылғысы бар
жауап беруші құрылғыны ажыратыңыз немесе өшіріңіз.
Əйтпесе, жауап беруші құрылғының шығыс хабары телефон
байланысын үзеді.
41
Факстарды қосымша телефон арқылы
қабылдау
«EXT» ұясына қосылған қосымша телефонды пайдаланып жатқанда,
факс құрылғысына өтпестен, сөйлесіп жатқан адамнан факсты
қосымша телефонда қабылдай аласыз.
Қосымша телефоннан қоңырау алып факс үнін естіңіз, қосымша
телефондағы *9* түймелерін басыңыз. Құрылғы факсты қабылдайды.
*9* зауытта алдын ала орнатылған қашықтан қабылдау коды. Бірінші
жəне соңғы жұлдызша бекітілген, ал ортасындағы санды қалауыңыз
бойынша өзгертуге болады.
«EXT» ұясына қосылған телефонмен сөйлесіп жатқанда, көшіру
жəне сканерлеу мүмкіндіктер қол жетімді болмайды.
42
Факсті DRPD режимі арқылы қабылдау
Бұл параметр елге байланысты болмауы мүмкін. Шартты қоңырау -
бұл телефон компаниясы ұсынатын бір телефон желісі арқылы
бірнеше телефон нөмірлерін пайдаланып қоңырауға жауап беруге
мүмкіндік беретін қызмет. Бұл функция əдетте, қоңырауға тиісті түрде
жауап беру үшін, осы қоңырау қай нөмірге жасалғанын білу керек
көптеген клиенттермен жұмыс істейтін қызметтерде пайдаланылады.
Бұл параметр елге байланысты болмауы мүмкін.