Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

400
6. Ақаулықтарды жою
Басып шығару мəселелері
Күйі Ықтимал себеп Ұсынылатын шешімдер
Құрылғы басып
шығармайды.
Құрылғы электр тогын алмайды. Алдымен машинаны электр көзіне қосыңыз. Егер құрылғының басқару
тақтасында (Power/WakeUp) түймесі бар болса, оны басыңыз.
Құрылғы əдепкі құрылғы ретінде
таңдалмаған.
Машинаны Windows жүйесіндегі əдепкі машина ретінде таңдаңыз.
Құрылғыда келесіні тексеріңіз:
Қақпақ жабылмаған. Қақпақты жабыңыз.
Қағаз кептелген. Қағаз кептелуін тазалаңыз (138-беттегі "Қағаз кептелуін
кетіру" бөлімін қараңыз).
Қағаз салынбаған. Қағаз жүктелмеген (59-беттегі "Науаға қағаз салу" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджі орнатылмаған. Тонер картриджін орнатыңыз (113-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін
қараңыз).
Тонер картриджінен қорғау жабыны мен беттердің алынғанына көз жеткізіңіз (113-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру"
бөлімін қараңыз).
Жүйелік қате орын алса, қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Компьютер
мен құрылғы арасындағы
қосылым кабелі дұрыстап қосылмаған.
Құрылғы кабелін ажыратып, қайта қосыңыз (29-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін
қараңыз).
Компьютер мен құрылғы арасындағы
қосылым кабелінде ақаулық бар.
Мүмкін болса, кабельді дұрыс істеп тұрған басқа компьютерге қосыңыз жəне
тапсырманы басып шығарыңыз. Сондай-ақ, басқа құрылғы кабелін
пайдаланып көруге болады.
Порт параметрі дұрыс емес.Windows принтер
параметрлерін тексеріп, басып шығару тапсырмасы дұрыс
портқа жіберілетінін тексеріңіз. Егер компьютерде бірнеше порт болса,
құрылғының дұрыс портқа қосылғанын тексеріңіз.