Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide
41
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Мəзірді шолу
Басқару тақтасы құрылғы параметрлерін орнату немесе құрылғы функцияларын пайдалану үшін түрлі мəзірлерді ашуға мүмкіндік береді.
• Қазір таңдалған мəзірдің жанында жұлдызша (√) шығады.
• Параметрлерге немесе модельдерге байланысты кейбір мəзірлер дисплейде шықпауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сəйкес
келмейді.
• Машинаңыздың параметрлеріне немесе моделіне байланысты кейбір мəзір атаулары басқа болуы мүмкін.
• Мəзірлер кеңейтілген нұсқаулықта сипатталған (278-беттегі "Пайдалы параметр мəзірлері" бөлімін қараңыз).
1
CLX-419xN/ CLX-419xFN/ CLX-626xND/ CLX-626xFD/ CLX-626xFR
Мəзірге қатынасу
1
Пайдаланылатын мүмкіндікке байланысты басқару тақтасында Fax, Copy немесе Scan түймесін таңдаңыз.
2
Дисплейдің төменгі жағында мəзір пайда болғанша (Menu) түймесін басып, OK түймесін басыңыз.
3
Қажет мəзір элементі шыққанша көрсеткілерді басыңыз жəне OK түймесін басыңыз.
4
Егер параметр элементінде ішкі мəзірлер бар болса, 3-қадамды қайталаңыз.
5
Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
6
Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін басыңыз.