Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide
Глоссарий
430
Глоссарий
DADF
Дуплексті құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (DADF) -
құрылғы қағаздың екі жағын да сканерлей алатындай етіп, түпнұсқа
парақты автоматты түрде беретін жəне аударатын сканерлеу
құрылғысы.
Əдепкі
Принтерді жəшігіндегінен алғанда, ысырғанда немесе орантқан кезде
көрсетілетін мөлшер немесе параметр.
DHCP
Хосттарды динамикалық теңшеу протоколы (DHCP) - клиент-сервер
желілік протоколы. DHCP сервері DHCP клиент хост сұрауына тəн
конфигурация параметрлерін қамтамасыз етеді, жалпы, IP желісінде
қатысу үшін клиент хостына қажет мəліметтер. Сондай-ақ, DHCP
клиент хосттарына IP-мекенжайларды бөліп беру механизмін
қамтамасыз етеді.
DIMM
Қос қосылған жад модулі (DIMM) - жад ұстайтын кішкентай схемалық
тақта. DIMM басып шығару деректері, алынған факс деректері сияқты
құрылғы ішіндегі барлық деректерді сақтайды.
DLNA
DLNA альянсы (DLNA) - үй желісіндегі құрылғыларға желі арқылы бір-
бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін стандарт.
DNS
Домен атауларының сервері (DNS) - Интернет сияқты желілердегі
бөлінген дерекқордағы домен атауларына қатысты мəліметтерді
сақтайтын жүйе.
Нүктелік-матрицалық принтер
Нүктелік-матрицалық принтер - басатын басы бетте алға жəне артқа
қозғалатын, соққы арқылы басатын, жазу машинкасы сияқты қағазға
бояу сіңірілген мата таспаны соғу арқылы басатын компьютер
принтері.
DPI
Дюймдегі нүктелер саны (DPI) - сканерлеу жəне басып шығару үшін
пайдаланылатын ажыратымдылық өлшемі. Əдетте, DPI жоғарылаған
сайын ажыратымдылық артады, суреттегі көрінетін бөліктер көбейеді
жəне файл өлшемі үлкейеді.