Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

Негізгі артықшылықтар
Ортаға қауіпсіз
Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы Eco мүмкіндігін
қолдайды (80-беттегі "Үнемді басып шығару" бөлімін қараңыз).
Қағазды үнемдеу үшін бір қағаз парағында бірнеше бетті басып
шығаруға болады (330-беттегі "Кеңейтілген басып шығару
мүмкіндіктерін пайдалану" бөлімін қараңыз).
Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі бетінде де басып шығаруға
болады (екі жақты басып шығару) (330-беттегі "
Кеңейтілген басып
шығару мүмкіндіктерін пайдалану" бөлімін қараңыз).
Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған
кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын
автоматты түрде үнемдейді.
Энергияны сақтау үшін қалдықтардан жасалған қағазды
пайдалануды ұсынамыз.
Тез жоғары ажыратымдылықпен басып
шығару
Көгілдір, маджента, сары жəне қара түстерді пайдалана отырып
түстердің толық ауқымымен басып шығаруға болады.
9,600 x 600 нүкте/дюйм өнімділігіне дейінгі ажыратымдылықпен
басып шығара аласыз (600 x 600 x 4 бит).
Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.
- CLX-419x series/C186x series
▪Бір жақты басып шығару үшін 18 ppm (A4) немесе 19 ppm
(Letter) дейін.
- CLX-626x series
▪Бір жақты басып шығару үшін 24 ppm (A4) немесе 25 ppm
(Letter) дейін.
▪Екі жақты басып шығару үшін 12 ppm (A4)
немесе 12 ppm
(Letter) дейін.