Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

90
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Негізгі сканерлеу
Арнайы сканерлеу мүмкіндіктерін Кеңейтілген нұсқаулық қараңыз
(348-беттегі "Сканерлеу мүмкіндіктері" бөлімін қараңыз).
19
Негізгі сканерлеу
Бұл түпнұсқалардың көшірмесін жасаудың негізгі жəне қалыпты үрдісі.
Бұл USB арқылы қосылған құрылғының негізгі сканерлеу əдісі.
Мəзірлерге қатынасу əр модельде əр түрлі болуы мүмкін.
Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мəзірлерге өту үшін
OK түймесін басу қажет болуы мүмкін.
Желіні пайдаланып сканерлеу керек болса, кеңейтілген
нұсқаулықты қараңыз (349-беттегі "Желіге қосылған құрылғыда
сканерлеу" бөлімін қараңыз).
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (72-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
2
Басқару тақтасында (сканерлеу) > Сканир. на ПК
тармағына өтіңіз.
Немесе сенсорлық экранда Скан > Лок ПК тармағына өтіңіз.
Егер Недоступен хабарын көрсеңіз, порт қосылымын тексеріңіз
немесе Samsung Easy Printer Manager > Кеңейтілген
режимге ауысу > Параметры сканирования на ПК ішінен
Включить тармағына өтіңіз.
3
Қажет сканерлеу мақсатты орнын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Əдепкі параметр дегеніміз Мои документы қалтасы болып
табылады.
Жиі пайдаланылатын параметрлердің профиль тізімін жасау,
сақтауға болады. Сондай-ақ, профильді қосуға жəне жоюға жəне
əр профильді басқа жол көрсетіп сақтауға болады.
Samsung Easy Printer Manager > Кеңейтілген режимге
ауысу > Параметры сканирования на ПК өзгерту үшін.
4
Қажет параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
5
Сканерлеу басталады.
Сканерленген бейне компьютердегі
C:\Пайдаланушылар\пайдаланушы аты\Менің құжаттарым
ішінде сақталады. Сақтау қалтасы амалдық жүйеге немесе
пайдаланылатын бағдарламаға байланысты басқа болуы мүмкін.