Samsung CLX-419x, CLX-626x, SL-C145x, SL-C186x Color Laser MFP series - User's Guide

Негізгі факс жіберу
92
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (72-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
2
Басқару тақтасында (факс) белгішесін таңдаңыз.
Немесе сенсорлық экранда Факс > Память отправлена >
(параметрлер) тармағына өтіңіз.
3
Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай
реттеңіз (94-беттегі "Құжат параметрлерін баптау" бөлімін
қараңыз).
4
Факс нөмірін енгізіңіз (322-беттегі "Пернетақтадағы əріптер мен
сандар" бөлімін қараңыз).
5
Басқару тақтасында (Start) түймесін басыңыз. Құрылғы
сканерлеуді бастап, факсті бағыты бойынша жібереді.
Тікелей компьютерден факс жіберу керек болса, Samsung
Network PC Fax бағдарламасын пайдаланыңыз (359-беттегі
"Факсті компьютермен жіберу" бөлімін қараңыз).
Факс тапсырмасын болдырмау үшін құрылғы тасымалдауды
бастамас бұрын (Stop немесе Stop/Clear) түймесін
басыңыз.
Егер сканер шынысын пайдаланған болсаңыз, құрылғы келесі
бетті қоюды сұрайтын хабарды көрсетеді.
Факсті қолмен жіберу
Басқару тақтасында (On Hook Dial) түймесін пайдаланып факс
жіберу үшін келесі əрекеттерді орындаңыз.
1
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (72-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
2
Басқару тақтасында (факс) белгішесін таңдаңыз.
Немесе сенсорлық экранда Факс > Громкая связь >
(параметрлер) тармағына өтіңіз.
3
Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай
реттеңіз (94-беттегі "Құжат параметрлерін баптау" бөлімін
қараңыз).
4
Басқару тақтасында (On Hook Dial) түймесін басыңыз
немесе тұтқаны көтеріңіз.
5
Факс нөмірін басқару тақтасындағы сандық пернетақтаны басып
теріңіз.
6
Қашықтықтағы факс құрылғысынан дыбыс деңгейі жоғары факс
сигналы естілгенде, (Start) түймесін басыңыз.