Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual

Білген жөн
Машинаның драйверін қайда қотаруға
болады?
Машинаның соңғы драйверін қотару үшін
www.samsung.com/printer торабына кіріңіз жəне оны
жүйеге орнатыңыз.
Керек-жарақтарды немесе шығын
материалдарын қайда сатып алуға
болады?
Samsung дистрибьюторынан немесе бөлшек
сатушыдан сұраңыз.
www.samsung.com/supplies торабына кіріңіз. Өнімге
қызмет көрсету туралы ақпаратты қарау үшін елді/
аймақты таңдаңыз.
Көрсеткіш шамы жыпықтайды немесе
тұрақты жанып тұрады.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсеткіш шамның мағыналарын
тексеріңіз жəне ақауларды сəйкесінше жойыңыз (59-
беттегі "Жарық диодты экран күйін түсіну" бөлімін
қараңыз).
Қағаз кептелісі орын алды.
Жоғарғы жабынды ашып, жабыңыз (19-беттегі
"Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
Осы нұсқаулықта қағаз кептелісін алып тастау туралы
нұсқауларды қараңыз жəне сəйкесінше ақаулықтарды
жойыңыз (56-беттегі "Қағаз кептелуін кетіру" бөлімін
қараңыз).
Басып шығарылған қағазда дақтар бар.
Тонер деңгейі төмен немесе біркелкі емес болуы
мүмкін. Тонер картриджін сілкіңіз.
Басып шығару ажыратымдылығының басқа параметрін
қолданып көріңіз.
Тонер картриджін ауыстырыңыз.
Құрылғы басып шығармайды.
Басып шығару кезегі тізімін ашыңыз жəне құжатты
тізімнен алып тастаңыз (39-беттегі "Басып шығару
тапсырмасын болдырмау" бөлімін қараңыз).
Драйверді алып тастап, қайта орнатыңыз (24-беттегі
"Драйверді жергілікті орнату" бөлімін қараңыз).
Құрылғыны Windows жүйесінде əдепкі құрылғы ретінде
таңдаңыз.