Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
Сымсыз желіні орнату
124
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
Ену нүктесінде қауіпсіздік параметрлері болса, сымсыз желінің
қауіпсіздігі терезесі шығады.
Сымсыз желі қауіпсіздік терезесі шығады. Терезе қауіпсіздік
режиміне байланысты əр түрлі болуы мүмкін: WEP немесе WPA.
• WEP
Түпнұсқалық растама ретінде Открытая немесе С общим
ключом параметрін таңдаңыз жəне WEP қауіпсіздік кілтін
енгізіңіз. Далее түймесін басыңыз.
WEP (Wired Equivalent Privacy) – сымсыз желіге рұқсат етілмеген
қатынасуды болдырмайтын қауіпсіздік протоколы. WEP сымсыз
желіде алма
сатын əр пакеттің деректерінің бөлігін 64-биттік
немесе 128-биттік WEP шифрлау кілтін пайдаланып
шифрлайды.
• WPA
WPA ортақ кілтін енгізіңіз жəне Далее түймесін басыңыз.
WPA тұрақты аралықтарда автоматты түрде өзгеретін құпия
кілтке негізделіп пайдаланушылардың түпнұсқалығын растайды
жəне кім екенін анықтайды. Сондай-ақ, WPA шифрлау үшін TKIP
(Temporal Key Integrity Protocol) протоколын жəне AES
(Advanced Encryption Standard) шифрлауын пайдаланады.
9
Терезе сымсыз желі параметрлерін көрсетеді жəне
параметрлердің дұрыстығын тексереді. Далее түймесін
басыңыз.
•DHCP əдісі үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі DHCP болса, терезеде
DHCP көрсетілгенін тексеріңіз. Егер ол Тұрақты əдісін
көрсетсе, тағайындау əдісін DHCP деп өзгерту үшін
Изменить настройки TCP/IP пəрменін таңдаңыз.
• Тұрақты əдіс үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі тұрақты болса,
терезеде «Тұрақты» көрсетілгенін тексеріңіз. Егер DHCP
əдісі көрсетілсе, IP мекенжайды жəне машинаның басқа
желілік теңшелім мəндерін енгізу үшін Изменить настройки
TCP/IP пəрменін таңдаңыз. Құрылғының IP мекенжайын
енгізу алдында компьютердің желілік теңшелімі туралы
ақпаратты білу керек. Егер компьютер DHCP деп
орнатылған болса, тұрақты IP мекенжайды алу үшін желілік
əкімшіге хабарласу керек.
Мысалы,
Егер компьютердің желілік ақпараты төменде
көрсетілгендей болса,
-IP мекенжай: 169.254.133.42
- Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0
Онда машинаның желілік ақпараты төмендегідей болуы
керек:
-IP мекенжай: 169.254.133.43
- Ішкі желі бүркеніші: 255.255.0.0 (Компьютердің ішкі желі
бүркенішін пайдаланыңыз).
- Шлюз: 169.254.133.1