Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
149
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
Samsung MobilePrint
22
Samsung MobilePrint деген не?
Samsung MobilePrint - пайдаланушыларға фотосуреттерді,
құжаттарды жəне веб-беттерді смартфоныңыздан немесе
планшетіңізден тікелей басып шығаруға мүмкіндік беретін тегін
бағдарлама. Samsung MobilePrint тек Android, Windows жəне iOS
смартфондарымен ғана емес, сонымен қатар iPod Touch жəне қалта
компьютерімен үйлесімді. Ол ұялы құрылғыны желіге қосылған
Samsung принтеріне немесе сымсыз принтерге Wi-Fi қатынасу нүктесі
арқылы қосады. Жаңа драйверді орнату немесе желілік параметрлерді
теңшеу қажет емес – жай ғана Samsung MobilePrint бағдарламасын
орнатыңыз да, ол үйлесімді Samsung принтерлерін автоматты түрде
анықтайды. Фотосуреттерді, веб-беттерді жəне PDF файлдарын
басып шығару мүмкіндігіне қоса, сканерлеу де қолданады. Сізде
Samsung көп функциялы принтеріңіз болса, кез келген құжатты ұялы
құрылғыңызда жылдам жəне оңай көру үшін JPG, PDF немесе PNG
пішіміне сканерлеңіз.
23
Samsung MobilePrint бағдарламасын қотару
Samsung MobilePrint бағдарламасын қотару үшін ұялы
құрылғыңыздағы бағдарламалар қалтасына (Samsung Apps, Android
Market, App Store, Marketplace) өтіп, “Samsung MobilePrint”
бағдарламасын іздеңіз. Сонымен қатар, компьютеріңізде Apple
құрылғылары үшін iTunes қызметіне немесе Windows құрылғылары
үшін Marketplace қызметіне өтуіңізге болады.
24
Қолданатын ұялы амалдық жүйе
• Android OS 2.1 немесе жоғарырақ
• iOS 4.0 немесе жоғарырақ
• Windows Phone 7 немесе жоғарырақ