Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
175
4. Пайдалы басқару құралдары
Easy Eco Driver
Easy Eco Driver бағдарламасының көмегімен басып шығару алдында
қағазды жəне тонерді үнемдеу үшін Eco мүмкіндіктерін қолдануға
болады. Бұл бағдарламаны пайдалану үшін принтер сипаттарында
Запускать драйвер Easy Eco перед печатью задания құсбелгісін
қою керек.
Easy Eco Driver бағдарламасы, сонымен бірге, қарапайым өңдеуді
орындауға мүмкіндік береді, мысалы, суреттерді жəне мəтіндерді жою,
қаріптерді өзгерту жəне т.б. Жиі пайдаланылатын параметрлерді
алдын ала орнатылған ретінде сақтауға болады.
Windows жүйесінің пайдаланушыларына ғана қол жетімді.
Пайдалану əдісі:
1 Басып шығару керек құжатты ашыңыз.
2 Құжатты басып шығарыңыз.
Алдын ала қарау терезесі пайда болады.
3 Құжатқа қолдану керек параметрлерді таңдаңыз.
Қолданылған мүмкіндіктерді алдын ала қарауға болады.
4 Print түймесін басыңыз.