Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
Білген жөн
Машинаның драйверін қайда қотаруға
болады?
• Машинаның соңғы драйверін қотару үшін
www.samsung.com/printer торабына кіріңіз жəне оны
жүйеге орнатыңыз.
Керек-жарақтарды немесе шығын
материалдарын қайда сатып алуға
болады?
• Samsung дистрибьюторынан немесе бөлшек
сатушыдан сұраңыз.
• www.samsung.com/supplies торабына кіріңіз. Өнімге
қызмет көрсету туралы ақпаратты қарау үшін елді/
аймақты таңдаңыз.
Көрсеткіш шамы жыпықтайды немесе
тұрақты жанып тұрады.
• Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
• Осы нұсқаулықта көрсеткіш шамның мағыналарын
тексеріңіз жəне ақауларды сəйкесінше жойыңыз (59-
беттегі "Жарық диодты экран күйін түсіну" бөлімін
қараңыз).
Қағаз кептелісі орын алды.
• Жоғарғы жабынды ашып, жабыңыз (19-беттегі
"Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
• Осы нұсқаулықта қағаз кептелісін алып тастау туралы
нұсқауларды қараңыз жəне сəйкесінше ақаулықтарды
жойыңыз (56-беттегі "Қағаз кептелуін кетіру" бөлімін
қараңыз).
Басып шығарылған қағазда дақтар бар.
• Тонер деңгейі төмен немесе біркелкі емес болуы
мүмкін. Тонер картриджін сілкіңіз.
• Басып шығару ажыратымдылығының басқа параметрін
қолданып көріңіз.
• Тонер картриджін ауыстырыңыз.
Құрылғы басып шығармайды.
• Басып шығару кезегі тізімін ашыңыз жəне құжатты
тізімнен алып тастаңыз (39-беттегі "Басып шығару
тапсырмасын болдырмау" бөлімін қараңыз).
• Драйверді алып тастап, қайта орнатыңыз (24-беттегі
"Драйверді жергілікті орнату" бөлімін қараңыз).
• Құрылғыны Windows жүйесінде əдепкі құрылғы ретінде
таңдаңыз.