Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual

Желі арқылы драйверді орнату
106
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
IP мекенжайды əлі орнатпаған болсаңыз, «Set IP address» (IP
мекенжайды орнату) пəрменін таңдап, 99-беттегі "SetIP
бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды теңшеу (Macintosh)"
бөлімін қараңыз. Сымсыз желі параметрін орнатқыңыз келсе, 131-
беттегі "Macintosh жүйесін пайдаланып орнату" бөлімін қараңыз.
10
Install түймесін басыңыз. Құрылғы жұмысына қажетті барлық
құрылғылар орнатылады.
Егер Customize пəрменін таңдасаңыз, орнату үшін жеке
құрамдастарды таңдай аласыз.
11
Құпиясөзді енгізіңіз жəне OK түймесін басыңыз.
12
Бағдарламалық жасақтаманы орнату компьютерді қайта қосуды
қажет етеді. Continue Installation пəрменін таңдаңыз.
13
Орнату аяқталғанда Close пəрменін таңдаңыз.
14
Applications қалтасын > Utilities > Print Setup Utility тармағын
ашыңыз.
Mac OS X 10.5-10.7 жүйелері үшін Applications қалтасы >
System Preferences тармағын ашып, Print & Fax пəрменін
таңдаңыз.
15
Add түймесін Printer List тізімінен басыңыз.
Mac OS X 10.5-10.7 жүйесінде «+» белгішесін нұқыңыз.
Дисплей терезесі шығады.
16
Mac OS X 10.4 үшін IP Printer тармағын таңдаңыз.
Mac OS X 10.5-10.7 жүйесінде «IP» пəрменін таңдаңыз.
17
Protocol ішінде HP Jetdirect - Socket тармағын таңдаңыз.
Көп беті бар құжатты басып шығарған кезде басып шығарудың
өнімділігін Printer Type опциясына арналған Socket тармағын
таңдау арқылы жақсартуға болады.
18
Address енгізу өрісіне құрылғының IP мекенжайын енгізіңіз.
19
Queue енгізу өрісіне кезектің атауын енгізіңіз. Құрылғы сервері
үшін кезектің атауын анықтай алмасаңыз алдымен əдепкі
кезекті пайдаланып көріңіз.
20
Mac OS X 10.4 құрылғысы үшін Автотаңдау мүмкіндігі дұрыс
жұмыс істемесе, Samsung тармағын Print Using бөлімінен жəне
құрылғы атауын Model тармағынан таңдаңыз.
Mac OS X 10.5-10.7 жүйесінде Автотаңдау мүмкіндігі дұрыс
жұмыс істемесе, Select Printer Software пəрменін жəне Print
Using ішінде машинаның атауын таңдаңыз.
21
Add түймесін басыңыз.
Машина Printer List ішінде шығады жəне əдепкі машина ретінде
орнатылады.