Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
Желі арқылы драйверді орнату
109
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
8
Пəрмен жолында “installprinter” орындаңыз. Add Printer
Wizard терезесі шығады. Кeлесі іс рəсімдерді орындап, осы
терезеде принтерді теңшеңіз.
Кейбір UNIX амалдық жүйелерінде, мысалы, Solaris 10 жүйесінде
жаңа ғана қосылған принтерлер қосылмауы жəне/немесе
тапсырмаларды қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда root
терминалында келесі екі пəрменді орындаңыз:
“accept <printer_name>”
“enable <printer_name>”
Принтер драйверлері бумасын жою
Жүйеде орнатылған принтерді жою үшін қызметтік бағдарламаны
пайдалану керек.
a Терминалда «uninstallprinter» пəрменін орындаңыз.
Uninstall Printer Wizard шебері ашылады.
Орнатылған принтерлер ашылмалы тізімде көрсетіледі.
b Жою керек принтерді таңдаңыз.
c Принтерді жүйеден жою үшін Delete пəрменін таңдаңыз.
d Бүкіл буманы жою үшін «. /install –d» пəрменін орындаңыз.
e Жою нəтижелерін тексеру үшін «. /install –c» пəрменін
орындаңыз.
Оны қайта орнату үшін екілік файлдарды қайта орнату үшін «. /install»
пəрменін пайдаланыңыз.
Принтерді орнату
UNIX жүйесіне принтерді қосу үшін пəрмен жолынан «installprinter»
пəрменін орындаңыз. Add Printer Wizard терезесі шығады. Кeлесі іс
рəсімдерді орындап, осы терезеде принтерді теңшеңіз:
1
Принтердің атауын енгізіңіз.
2
Модельдер тізімінде тиісті принтер моделін таңдаңыз.
3
Type өрісіне принтер түріне сəйкес кез келген сипаттаманы
енгізіңіз. Бұл міндетті емес.
4
Description өрісінде кез келген принтер сипаттамасын
көрсетіңіз. Бұл міндетті емес.
5
Location өрісінде принтердің орнын көрсетіңіз.
6
Желіге қосылған принтерлер үшін Device мəтін ұясында
принтердің IP мекенжайын немесе DNS атауын енгізіңіз.
jetdirect Queue type бар IBM AIX жүйесінде тек DNS атауына
рұқсат етілген, сандық IP мекенжайға тыйым салынған.
7
Queue type қосылымды сəйкес тізімді жолақта lpd немесе
jetdirect ретінде көрсетіледі. Бұған қоса, Sun Solaris OS
жүйесінде usb түрі бар.