Samsung ML-216x Laser Printer series - User manual
Сымсыз желіні орнату
138
2. Желіге қосылған машинаны пайдалану
Сымсыз желі қосылымын аяқтағаннан кейін бағдарламадан басып
шығару үшін машина драйверін орнату керек (131-беттегі
"Macintosh жүйесін пайдаланып орнату" бөлімін қараңыз).
USB арқылы Ad hoc
Егер ену нүктеңіз болмаса, төмендегі қарапайым нұсқауларды
орындап, бəрібір аd hoc сымсыз желісін орнату арқылы машинаны
компьютерге сымсыз қоса аласыз.
Дайындау керек элементтер
• Желіге қосылған компьютер
• Құрылғымен бірге келген бағдарламаның ықшам дискісі
• Сымсыз желі интерфейсі арқылы орнатылатын машина
•USB кабель
Macintosh жүйесінде ad hoc желісін жасау
1
Құрылғыға USB кабельдің қосылғанын тексеріңіз.
2
Компьютерді жəне сымсыз желі құрылғысын қосыңыз.
3
ҚҚос берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-
ROM дискжетекке енгізіңіз.
4
Macintosh жұмыс үстелінде шығатын CD-ROM белгішесін екі рет
басыңыз.
5
MAC_Installer ққалтасы > Installer OS X белгішесін екі рет
нұқыңыз
6
Continue түймесін басыңыз.
7
Лицензиялық келісім-шартты оқыңыз жəне Continue түймесін
басыңыз.
8
Лицензиялық келісім-шартпен келісу үшін Agree түймесін
басыңыз.
9
Компьютерде барлық бағдарламалар жабылатыны туралы
ескертетін хабар шыққанда, Continue пəрменін таңдаңыз.
10
User Options Pane тармағында Wireless Network Setting
түймесін басыңыз.
11
Бағдарлама сымсыз желі құрылғыларын іздейді.
Іздеу сəтсіз аяқталса, компьютер мен машинаның арасында USB
кабель тиісті түрде қосылғанын тексеріңіз жəне терезедегі
нұсқауларды орындаңыз.